Бірыңғай оператор ҚР ДСМ мен ҰКП фармацевтикалық препараттарды таңбалауды таныстырды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
427
0 пікірлер

Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба аяқталды. Бүгінде жоба шеңберінде 3 мыңнан астам дәрі-дәрмек өндірушілерден бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облыстарының медициналық ұйымдары мен дәріханаларына дейін тауарларды таңбалау жүйесінде қадағаланудың толық жолынан өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне АИТВ-инфекциясын емдеу үшін қолданылатын Эфавиренз фармпрепараты мысалында стикеттеу тәсілімен цифрлық таңбалау, яғни стикерге Data Matrix кодын енгізу процесі көрсетілді.

Демонстрация кезінде СҚ «Фармация» қызметкері markirovka.kz таңбалау жүйесіндегі жеке кабинеттен Тапсырыстарды басқару станциясына Data Matrix кодын қолдану үшін Эфавиренздің қажетті санын жіберіп, генерациядан кейін кодтар жылу тасымалдағыш принтер арқылы басылды, содан кейін автоматты аппликаторға орналастырылып, ол дәрі-дәрмектердің пакеттеріне кодтарды енгізіп, одан әрі қорапқа орнатылатын біріктірілген нөмірді басып шығарды. Жапсырмадан кейін таңбалау жүйесіне Data Matrix қолдану және біріктіру туралы есептер жіберілді. Содан кейін СҚ «Фармация» қызметкері жүйеде Нұр-Сұлтандағы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталыққа жіберу үшін таңбаланған препаратты қабылдау-тапсыру актісін қалыптастырды.

«Біз дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның қатысушысы – СҚ «Фармация» қоймасында препаратты стикеттеу тәсілімен таңбалау процесін көрсеттік. Пилоттық жоба аясында біз дәрі-дәрмектерге Data Matrix кодын орнатудың әртүрлі механизмдерін тестілегеніміз өте маңызды. Біздің міндетіміз – бизнес үшін барлық кезеңдерде дәрі-дәрмектерді міндетті таңбалауға дайындық бойынша тиімді және үйлесімді жұмыс жасау. Елімізде көлеңкелі фармацевтикалық нарықтың үлесі 11% құрайды және бұл көрсеткіштің төмендеуі тұтынушылардың денсаулығын қорғауға оң әсер ететіні сөзсіз», - деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының дәрі-дәрмектерді цифрлық таңбалау жобасының жетекшісі Жанна Оспанова.

Айта кетейік, фармпрепараттарды таңбалаудың екі тәсілі бар: тікелей орнату, яғни таңбалау коды өндіріс кезінде дәрі-дәрмектің қаптамасына тікелей жағылады және стикеттеу - код материалдық тасымалдағышқа (стикерлер/этикеткалар) орнатылады. Жобаға 4 қазақстандық өндіруші, 2 импорттаушы, СҚ «Фармация» және 2 дистрибьютор, 5 дәріхана және 8 медициналық мекеме қатысты.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін
ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
428
0 пікірлер