Шетелдік өндірушілер Қазақстанға экспортталатын дәрі-дәрмектерді қалай таңбалайды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
12
0 пікірлер

Бүгінгі күні елде айналымда 255 миллион таңбаланған дәрі-дәрмек қаптамасы бар, оның ішінде 151 миллионы – импорттық препараттар. Шетелдік компаниялардың қазақстандық жүйеге қалай бейімделгені туралы баяндаймыз.

Әрбір өндіруші, отандық немесе шетелдік болуына қарамастан, дәрі қаптамасына таңбалау кодын алдын ала енгізеді. ҚР заңнамасы таңбалауға қатысатын резидент емес компанияларға Қазақстанға келмей-ақ өз елінде ЖСН алу мүмкіндігін қарастырады. Сонымен қатар компания басшысының сенімхаты негізінде БСН рәсімдеу мүмкіндігі де бар.

ЖСН негізінде шетелдік өндірушіге ЭЦҚ беріледі. Дәрілік заттарды таңбалау жобасының жетекшісі Анар Қарибаеваның айтуынша, бұл шетелдік компанияларға Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының ақпараттық жүйесінде отандық өндірушілермен тең дәрежеде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Жүйеге қосылғаннан кейін шетелдік өндірушілер таңбалау кодтарын тапсырыс беріп, оларды дәрі-дәрмек қаптамасына өндірістік кезеңде енгізіп, Қазақстанға дайын, яғни таңбаланған күйде экспорттайды. Сонымен қатар, заңнамада шетелден келген дәрі-дәрмектерді Қазақстан аумағында таңбалау мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл жағдайда қаптамалар таңбалауды барлық талаптарды сақтай отырып, отандық дистрибьюторлар жүзеге асырады», – деді Анар Қарибаева.

Естеріңізге сала кетейік, дәрілік заттарды міндетті таңбалау Қазақстан Республикасында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Бұл шара нарықтың ашықтығын арттыруға, жалған дәрілермен күресуге және азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін