2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда 307 миллионнан астам дәрі-дәрмек таңбаланды. Tanba бірыңғай таңбалау операторының бас директоры Бикеш Құрманғалиева «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» конгресінде дәрілік заттардың міндетті таңбалауын енгізудің нәтижелерімен бөлісті.
Дәрі-дәрмектерді міндетті таңбалау енгізілген 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап қаптамаларға 262 миллион Data Matrix белгілері салынды. Осы уақыт аралығында отандық өндірушілер шығарған 70 миллионнан астам дәрі-дәрмек айналымға енгізілді.
Қазақстанда дәріханалардың таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыстарын жеңілдету мақсатында әзірленген NS Pharm мобильді қосымшасының іске қосылуына арнайы назар аударылды.
Барлық дәрілік заттарды міндетті түрде таңбалау Қазақстан фармацевтикалық нарығында дәрі-дәрмектердің айналымын бақылауды жақсарту және қауіпсіздігін арттыру мақсатында енгізілді. Бұл жүйе өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік беріп, жалған немесе сертификатталмаған дәрілердің таралуын тоқтатуға ықпал етеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда міндетті таңбалауға үш тауар тобы жатады: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмектер. Мотор майлары, сыра өнімдері, зергерлік бұйымдар таңбалауды пилоттық режимде сынақтан өткізіп жатыр, ал осы жылдың 28 наурызынан бастап тізімге биологиялық белсенді қоспалар енгізілді.