Tañba дегеніміз не?
Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторы бұл сөзді брендтің негізі ретінде кездейсоқ таңдаған жоқ.
Tañba ашықтық пен сенімділіктің философиясын біріктіреді. Ол – сенімсіздік пен күмәннің кедергілерін жоятын, сатып алушыға саналы таңдау жасауға және сатып алынатын өнімнің сапасына көз жеткізуге көмектесетін белгі.
Tañba – бұл тауардың түпнұсқалығы мен заңдылығын растайтын таңбалау коды. Ол бизнес, мемлекет және қоғам арасындағы сенімнің символына айналып, тауарлардың заңдылығына кепілдік береді.
Қазақ тілінен аударғанда «tañba» – «белгі» дегенді білдіреді. Бірақ бұл жай ғана белгі емес – ол шынайылықты бейнелейтін, сенімділікке кепіл болатын терең мәнге ие символ. Қазақ мәдениетінде «Тайға таңба басқандай» деген тіркес бар, яғни «айдай айқын» дегенді білдіреді. Бұл – даусыз, айқын, шынайы нәрселер туралы айтылған сөз.
Tañba кодының болуы – өзі-ақ жеткілікті дәлел. Оны көрген тұтынушы алдында тұрған өнімнің қолдан жасаудан қорғалғанын, тексерілген әрі заңды екенін біледі. Ал бизнес үшін бұл белгі – артықшылық пен жауапкершіліктің маркері. Бірыңғай оператор Tañba-ның бір бөлігі болу – ашықтық пен адал бәсекелестік ұстанымын ашық айту.