ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау процесімен танысты

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
74
0 пікірлер

12 сәуірде Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының өкілдері «СК-Фармация» ЖШС, «Китпроф» ЖШС және «Даму» ақпараттық технологиялар орталығының өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министр Ербол Оспановтың қатысуымен Астана қаласындағы №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін біріктіруді  үрдісін көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады. Дәрілік заттардың таңбалануы мен қадағалануын енгізудің мақсаты фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың сапасын бақылау тиімділігін арттыру, дәрілік заттардың өндіріс сатысынан соңғы тұтынушыға дейінгі өмірлік циклін бақылау, заңсыз, оның ішінде контрафактілік өнімдердің айналымына қарсы тұру болып табылады.

Кездесу барысында аурухана қызметкері санаулы минуттарда дәріні кодты сканерлеу арқылы қабылдап, таңбалау кодтарын жүйеде тексеріп, дәрігер науқасқа дәрі жазып берді, дәрігердің рецептінің орындалуын қадағалады, дәрі-дәрмектерді есептен шығарып, таңбаланған дәріні айналымнан шығарды.
 


100% ақпараттық-техникалық оқытуды қамтамасыз ету мақсатында Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор қызметкерлері дәрілік заттардың айналымына қатысушылардың барлығына, атап айтқанда өндірушілерге, импорттаушыларға, дистрибьюторларға, дәріхана қызметкерлері мен медициналық ұйымдарға ауқымды жұмыстар жүргізуде. Тауар айналымы қатысушыларына таңбаланған дәрілік заттарды қабылдау және айналымнан шығару туралы толық ақпарат беріледі.

● Осылайша, бүгінде өндірушілердің 50% таңбалауға 100% дайын, 12,5% арнайы жабдықты күтуде, шамамен 21% стикерлер мен басып шығару арқылы таңбалауға дайындалуда.

● Дәрілік заттарды импорттаушылар қоймаларының 88 пайызы таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеуге дайындықты бастады. Бірыңғай оператор қызметкерлері мамандарға ақпараттық жүйелерді техникалық біріктіру бойынша тұрақты негізде кеңес беруде.

● 400-ден астам медициналық ұйымдар есеп жүйесін Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесімен біріктірді. Жалпы Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМКК) аясында барлығы 862 медициналық ұйым жұмыс істейді.

● Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардың есеп жүйесін қолдайтын 30-ға жуық компания тестілеуден сәтті өтті.

● Сондай-ақ, өткен аптада Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Астана, Атырау, Қызылорда, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарындағы дәріхана қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізді.

Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор дәріханалар үшін тегін мобильді қосымшаны да әзірледі. NS Pharm қосымшасында пайдаланушылар дәрі-дәрмектің таңбасын, жарамдылық мерзімін және ең жоғары бөлшек сауда бағасын тексеру функциясына қол жеткізе алады.

Еске салайық, Қазақстанда 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 90 дәрілік түрге цифрлық таңбалаудың бірінші кезеңі басталған болатын. Өнімнің цифрлық таңбалау жүйесі телефон камерасының көмегімен сканерлеуге және өнімнің түпнұсқалығын тексеруге болатын әрбір дәрінің қаптамасында бірегей data matrix кодтарын пайдалануды қамтиды.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін