Петропавл және Солтүстік Қазақстан облысындағы дәріхана қызметкерлері таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуге үйретілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
74
0 пікірлер

14-15 мамыр аралығында Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының өкілдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (ДСМФБК) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Петропавл қаласындағы МФБКД алаңында қала мен облыстың дәріхана ұйымдарының өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады.

Жүргізілген жұмыс барысында ірі және шағын желілік дәріханалардың, қалалық, аудандық және ауылдық дәріханалардың өкілдеріне дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде тіркеу, электронды цифрлық қолтаңба алу үшін қадамдық визуалды алгоритмі бар бірқатар оқыту бейнероликтері көрсетілді. Бірыңғай оператор NS Pharm мобильді қосымшасында жұмыс істеу үшін қол қою, дәрілік заттарды қабылдау/тапсыру актісін жасау және қабылдау, бақылау-касса машинасы, жылжымалы кассалар арқылы дәрілік заттарды тауар айналымынан алу және дәрілік заттарды алып қою туралы хабарламаны құру бойынша бейнероликтерді көрсетті.

Дәріхана ұйымдарының иелері мен өкілдері ақпаратқа, түсіндіруге және тәжірибелік сабақтарға жоғары қызығушылық танытты. Дәріхана өкілдері тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу туралы да, сонымен қатар жалпы сипаттағы сұрақтар - тауарларды таңбалау мақсаттары, оң әсерлері,  нәтижелер туралы және т.б. сұрақтар қойды.

Кездесу нәтижесінде сұрақтарды талдап, жан-жақты жауап бергеннен кейін Бірыңғай оператор қызметкерлері Бірыңғай оператормен, оның техникалық қызметтерімен және жобалық кеңсе өкілдерімен байланысу үшін қажетті байланыс ақпаратын ұсынды.

Еске салайық, дәл осы күндері Қызылордада Қызылорда облысындағы дәріхана өкілдерімен бухгалтерлік есеп жүйелерін Бірыңғай оператор жүйесімен біріктіруге дайындық мәселелері бойынша кездесулер өтіп, оған ірі желілер мен шағын дәріханалардың 30-дан астам өкілі қатысты.

Сондай-ақ, дәріханалар мен медициналық ұйымдардың өкілдерін хабардар ету мақсатында сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды ​​және Қонаев қаласында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кездесулері өткізілді. Ал мамыр айының басында осындай оқу-жаттығу шаралары Шымкент, Түркістан және Сарыағаш қалаларында өтті.



Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін