Алматы облысының Қонаев қаласында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өтті

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
65
0 пікірлер

30 сәуірде Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, Фармацевтикалық және медициналық бақылау комитетінің төрағасы Нұрлан Ысқақов, сондай-ақ, Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор басшылығы Қонаев қаласында дәрілік заттарды таңбалауды және қадағалануды енгізуге дайындық деңгейімен танысу мақсатында фармацевтикалық нарық өкілдерімен жұмыс кездесулерін өткізді.

Кездесу барысында Боролдай ауылындағы аудандық аурухананың есеп жүйесіндегі таңбалау модулінің функционалдығы көрсетілді. Медициналық ұйымның қызметкерлері таңбаланған дәрілік заттарды тауар айналымынан шығару және қабылдау үшін таңбалау жүйесімен біріктірілген есепке алу жүйесінің жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетті. Министрлік өкілдері аудандық аурухана қызметкерлерімен 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттардың міндетті қадағалануын енгізуге техникалық дайындық бойынша нақты мәселелерді талқылап, ескертулер мен ұсыныстар алды.

Сондай-ақ, жұмыс тобы дәрі-дәрмек өндіруші Abdi Ibrahim Global Pharm компаниясымен кездесу өткізді. Жиын барысында таңбаланған дәрілік заттардың өндіріс процесі көрсетілді. Abdi Ibrahim Global Pharm таңбалау жүйесіне алғашқы қатысушылардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні компания кодтарды қолдануға 100% дайын екенін көрсетті. Кодтарды біріктірудің әрі қарай айналымға енгізуге дайындығына қатысты компания басшылығы бөлшек саудаға бүкіл тізбек бойынша тестілеуге қосымша уақыт беру туралы ұсынысын білдірді.
 

Қонаев қаласында Алматы облысындағы дәріхана ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында дәрілік заттарды бөлшек сауда өкілдері таңбалау және қадағалану жүйесінің техникалық процестері туралы конструктивті сұрақтар қойып, ведомство өкілдерінен толыққанды жауаптар алды.

Ресми кездесу соңында Бірыңғай оператор жергілікті дәріхана ұйымдарының мәселелерін арнайы қарастырып, кейбір дәріханаларда жеке кеңестер жүргізді.


Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізуге дайындық бойынша келесі жұмыс кеңестері Шымкент, Түркістан және Талдықорған қалаларында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда дәрі-дәрмектің 100% таңбалануы және қадағалануы енгізіледі.  Жүйе дәрілік заттар нарығын контрафактіден және заңсыз айналымнан қорғайды.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін