Талдықорғандағы 30-дан астам дәріхана өкілдері таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуді үйренді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
80
0 пікірлер

3 мамырда Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының алаңында Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың өкілдері фармацевтикалық нарық өкілдерімен семинар-кеңес өткізді. Өңірдегі 30-дан астам дәріханалар мен медициналық ұйымдардың өкілдері таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу үдерістерімен және интеграциялық жүйелердің жұмыс қағидаларымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, медициналық ұйымдар мен дәріханалар цифрлық таңбалауды және дәрілік заттарды бақылауды енгізуге белсенді түрде дайындалуда. Дәріханалар үшін бұл процедура тегін болады, өйткені олар бірден таңбаланған өнімдерді қабылдайды.

Семинарда Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор қатысушыларды есеп жүйесінде тіркелуді, жеке кабинеттің функционалдығымен, қабылдау-тапсыру актісін алу, сәйкессіздік туралы хабарлама жасау арқылы тауарды басқа себептермен айналымнан алу және тауарды айналымға қайта енгізу және бақылау-касса машинасын пайдалана отырып тауарды айналымнан алу сияқты таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу процестерімен таныстырды.

Келесі кезекте өнімді таңбалау және қадағалау жүйесінде есеп жазбасы жоқ қатысушылар үшін NS Pharm мобильді қосымшасында қалай жұмыс істеу керек екендігі көрсетілді.

Сонымен қатар, Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың өкілдерінің қажетті құрал-жабдықтардың болуын ескере отырып, әрбір дәріхана ұйымы бойынша дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды есеп жүйесінде жұмыс істеу мүмкіндіктерін жеке-жеке сараптады. Кездесу барысында қатысушыларға есеп жүйесіндегі жұмыс, сондай-ақ, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау механизмдері мен процестері туралы түсіндірмелер берілді.

Кездесу нәтижесінде қатысушыларға телеграм-каналға, барлық қажетті ақпаратты қамтитын таңбалау веб-сайтына сілтемелер, сондай-ақ, таңбаланған дәрілік заттармен жұмысты көрсететін бейнероликтер ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды ​​және Қонаев қалаларында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өткен болатын.


 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін