Дәрілерді таңбалау: сала қатысушыларының брейнстормы

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
214
0 пікірлер

Алматыда «Фармацевтика өнеркәсібіндегі таңбалау: А-дан Я-ға дейін» халықаралық бизнес-семинары өтті. Семинарға ірі шетелдік және қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың, этикеткалық жабдықтарды өндірушілердің, салалық қауымдастықтардың, медициналық және дәріханалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Цифрлық экономиканы дамыту орталығы Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы ретінде дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жөніндегі пилоттық жобаның нәтижелерімен бөлісті, іс-шараға қатысушыларды жобаның іске асырылу барысымен таныстырды. Естеріңізге сала кетейік, дәрілік заттарды таңбалау бойынша пилоттық жоба Қазақстанда 2021 жылдың шілдесінде аяқталған болатын.

Пилоттық жоба кезінде фармацевтикалық компаниялар нарықтағы дәрі-дәрмектер айналымының толық циклін сынап көрді, отандық зауыттар таңбалау жабдықтарын алып, таңбалау коды бар препараттардың жекелеген түрлерін өндіруді сынақтан өткізе алды. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап кезең - кезеңмен міндетті таңбалауды сәтті іске қосу үшін барлық шаралар қабылдануда», - деп атап өтті компанияның басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Бірыңғай оператор таңбалау жүйесі жұмысының негізгі механизмдерін таныстырды, міндетті таңбалауға дайындық жоспарымен бөлісті. «Нарықта таңбалау, ең алдымен, адал өндірушілерді қорғау, контрафактіге қарсы күрес деген түсінік бар екендігі қуантады. Жоба фармацевтикалық саланы дамытуға жаңа серпін береді», - деді ол.

Сонымен қатар, Ресейдегі ең ірі таңбалау интеграторы Utrace, Antares Vision, Accenture компаниялары бизнес-семинарлар барысында қазақстандық фармацевтикалық сала қатысушыларына Data Matrix кодтарын белгілеу қызметтері, жабдықтау бойынша өз шешімдерін ұсынды.

Таңбалауды енгізу кезеңділігіне ерекше назар аударылды. Сарапшылардың пікірінше, бизнесті тиімді дайындау үшін дәрі-дәрмектердің тізімін екінші кезеңге қарап, келісу қажет. Айта кетейік, ҚР-да таңбалауға арналған дәрілердің бірінші тізбесі өндірушілермен келісілген.

Өзге тақырыптар арасында мемлекеттік қолдау шаралары, шетелдік дәрі-дәрмек өндірушілерді, импорттаушыларды ҚР таңбалау жүйесіне тіркеу тетігі және саланы қызықтыратын басқа да мәселелер талқыланды.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін