Дәрі-дәрмектің ірі дистрибьюторлары таңбалау және қадағалау жүйесінде белсенді жұмыс істейді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
67
0 пікірлер

ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға Ақтөбе облысындағы іссапар барысында «Стопфарм» ЖШС қоймасындағы дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесімен жұмыс үрдісі көрсетілді. Компания Қазақстан аумағындағы ірі дистрибьюторлардың бірі болып табылады, оның әр өңірде қоймалар желісі бар. «Стофарм» дәрі-дәрмекті таңбалау және қадағалау жүйесінде сәтті тіркелген.

Тауарларды таңбалау – бұл сату нарығын бақылауды күшейтуге арналған техникалық процесс қана емес. Бұл тауар айналымын бақылауға, контрафактімен күресуге және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал. Кодтарды қолдану жүйесінің көмегімен Қазақстанда 2030 жылға қарай тек дәрілік препараттардың көлеңкелі экономикасынан  137 млрд теңгеден астам қаражат қайтарып бизнес арасында адал бәсекелестік орнату жоспарланған. Алдағы 5-6 жылда Қазақстанда міндетті таңбалауға жататын – темекі өнімдері, дәрі-дәрмек және аяқ киім сияқты тауарлардың контрафактісін әшкерелеудің жалпы көлемі 200 млрд теңгені құрайды.

ЦЭДО ЖШС басқарушы директоры Алмат Исмаилов Дүйсеноваға дәрі-дәрмекті өндірушіден бастап тұтынушыға дейін таңбалау жұмысының барлық кезеңін көрсетті. Сонымен қатар ол фарм-бизнесті цифрландыру нәтижесімен бөлісті.

 «Бүгінгі таңда жүйеде бөлшек дәріханалардың 99%-ы және қоймалардың 100%-ы тіркелген, ірі медициналық ұйымдар да 100% жұмылдырылған. Қыркүйек айында Тамара Қасымқызымен  бірге еліміздің ең ірі дистрибьюторларының біріне бардық. «Стофарм» компаниясын таңбалау жүйесін интеграциялау бойынша көшбасшы ретінде атап өткім келеді, олар интеграцияны өткен жылы бастады және осы жыл басында аяқтады. Олардың барлық процестері автоматтандырылған, цифрландырылған», – деді Алматы Исмаилов.

Бүгінгі таңда «Стофарм» қоймаларында міндетті таңбалауға жататын 10 түрлі дәрі-дәрмек түрі сақтаулы тұр. Кодтарды қолданғаннан кейін әр препарат өңірдегі емдеу мекемелері мен дәріханаларға таратылады. Айта кетейік, трансдермальды жүйелер түріндегі (тері арқылы сіңетін) немесе бөлшек саудаға арналған қаптамадағы дәрілік заттарды қоса алғанда, дозаланған дәрілік нысан түрінде оралған дәрілерді міндетті түрде таңбалау қажет. Бұл талап ветеринарияда қолданылатын дәрілер мен вакциналарға қойылмайды.

«Қазақтелеком» (ескерту: Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы) жүйесі жұмыс істеп тұр. Қазіргі барлық мәселе өтпелі кезеңге байланысты болып тұр, адамдар жұмыс істеуді үйреніп, бизнес-процестерді енді құрып жатыр. Бізге жағдайды жақсартуға ұмтылу керек», – деді «Стофарм» ЖШС ақпараттық-техникалық бөлімінің басшысы Ерлан Жайынбаев.

Естеріңізге салайық, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмекті міндетті таңбалау енгізілді. Ережеге сәйкес, өндірушілер мен импорттаушылар дәрі-дәрмекті Data Matrix кодымен таңбалайды.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін