Бірыңғай оператор СҚО аяқ киімнің бөлшек сатушыларымен кездесті

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
169
0 пікірлер

Кездесу «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Қазақстанда аяқ киімді цифрлық таңбалау бойынша жаңа енгізілімдердің барлық тетіктері туралы кәсіпкерлер айтқан ұсыныстарды ескере отырып, егжей-тегжейлі әңгіме құрылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін аяқ киім сататын бөлшек сауда өкілдері таңбалау процесі бойынша өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтқан болатын. Осы сұрақтарға ресми тараптан сараптамалық жауап беру үшін Цифрлық экономиканы дамыту орталығының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Аяқ киімнің қалдықтарын таңбалау схемасын жеңілдету мүмкіндігі, аяқ киім өнімдерін айналымнан шығару мәселелері, тауарларды таңбалау шеңберіндегі нормативтік жауапкершілік талқыланды.

«Аяқ киімді міндетті таңбалау елде бір айдан аса уақыт болды енгізілгеніне. Қазір процестің маңыздылығын түсіне отырып, сала өкілдері барлық тетіктерге зерделеп, жүйенің функционалдығын зерттеп жатқанын көріп отырмыз. Әрине, біз жаңа нәрсенің бәрі белгісіз болып көрінетінін түсінеміз. Сондықтан біздің міндетіміз - барлық кезеңдерде аяқ киім нарығына қатысушыларды сүйемелдеу, барлық сұрақтарға жауап беру. Сондықтан біз осындамыз, барлық өңірлермен байланыстамыз және әрдайым түсініктеме беруге дайынбыз", - деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығы жобасының жетекшісі Мухаммедхайдар Сеит.

Бөлшек сауда өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып, сарапшы таңбаланған тауарлармен жұмыс істеу үшін бөлшек сауда үшін бақылау-касса машинасына қосылған 2D-сканер қажет екенін атап өтті.

«Жабдықты қайта сатып алудың қажеті жоқ. Нарықтағы онлайн-кассалар да таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге бейімделген. Сапалы сканердің орташа құны – 23 мың теңге. 2D сканерлеріне балама ретінде NaqtySauda Kassa тегін мобильді қосымшасы бар», - деді ол.

Мұхаммедхайдар Сеиттің айтуынша, аяқ киім нарығында контрафактінің деңгейі жоғары, барлық айналымның жартысына жуығы, сондықтан таңбалауды енгізу өзекті және тиімді шара болып табылады.

«Бір жарым ай ішінде импорттаушылардың 30%-ы таңбалау кодына тапсырыс берді, тауарлардың Ұлттық каталогында аяқ киім бойынша 190 мыңға жуық карточка енгізілді. Бұл жоба тиімділігінің жақсы көрсеткіштері. Сондықтан аяқ киімнің маңызды бөлігі қазірдің өзінде ескерілген. Бұл контрафактіні азайтуға үлесін қосатыны сөзсіз», - деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша Бірыңғай оператор өңірлік кәсіпкерлердің барлық ұсыныстарын назарға алып, олардың әрқайсысы егжей-тегжейлі қаралатын болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін