Аяқ киім өнімдерін міндетті таңбалауды енгізгеннен, 2021 жылдың 1 қарашасынан, нарық қатысушылары шамамен 140 миллион жұп аяқ киім таңбалады. Бүгінгі күні Tañba Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының ақпараттық жүйесінде 4,6 мыңнан астам өндірушілер мен импорттаушылардан бастап бөлшек саудагерлерге дейін – айналым қатысушылары тіркелген. Қазақстанда аяқ киім қалай таңбаланатынын айтып береміз.
Міндетті таңбалау 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізіліп, Қазақстанда өндірілгенге де,, импортталған да аяқ киімдеріне таралады. 2024 жылдың 1 маусымына дейін аяқ киім қалдықтарын Қазақстандағы импорттаушылардың қоймаларында таңбалауға, сондай-ақ импорттық өнімдерді кедендік рәсімдеуден кейін таңбалауға рұқсат берілген.
2024 жылдың 1 маусымынан бастап ережелер қатаңдатылды: енді барлық импортталған аяқ киім Қазақстан аумағына кіруіне дейін немесе кедендік рәсімдерге дейін таңбалануы керек. Дегенмен, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев түсіндіргендей, импорттаушылар үшін басқа мүмкіндік те қарастырылған.
Қазақстандағы цифрлық таңбалау жүйесі өндірістен бастап бөлшек саудаға шығаруға дейінгі барлық циклді қамтиды. Ол тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз етуге, нарықтан «сұр» өнімдерді жоюға және тұтынушыға сатып алудың заңдылығы мен қауіпсіздігіне сенімділік беруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні міндетті таңбалау үш тауар тобына енгізілген: темекі өнімдері, аяқ киім, дәрілік заттар. Мотор майларын, сыра және сыра сусындарын, зергерлік бұйымдарды, жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Биологиялық белсенді қосралар жобасы жүзеге асырылуда, тұрмыстық химия тауарлары бойынша пилоттық жоба іске қосылу сатысында.