Бірыңғай оператор қазақстандық дәріхана қызметкерлерін таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуге үйретеді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
101
0 пікірлер

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады. 100% ақпараттық және техникалық дайындықты  қамтамасыз ету мақсатында Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы өткен аптада Астана, Атырау, Қызылорда, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарындағы дәріхана қызметкерлеріне оқыту семинарларын өткізді.

Дәрілік заттардың таңбалануы мен қадағалануын енгізудің мақсаты фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың сапасын бақылау тиімділігін арттыру, дәрілік заттардың өндіріс сатысынан соңғы тұтынушыға дейінгі өмірлік циклін бақылау, заңсыз, оның ішінде контрафактілік өнімдердің айналымына қарсы тұру болып табылады.

Жетісу ауданында 58 медициналық ұйым «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалымен медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасқан, оның 28-і облыстық денсаулық сақтау басқармасына бағынады.
 


«Бүгінгі таңда Жетісу өңіріндегі барлық 28 медициналық мекеме 143 бірлік 2D сканерін, 18 медициналық ұйым 26 бірлік деректер жинау терминалын сатып алды», - деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің директордың м.а.  Надима Белтаева.

Бүгінгі таңда Жетісу өңірінде 374 дәріхананың бухгалтерлік есеп жүйесі бар 69-ы операторлық жүйемен біріктірілген. Айта кетерлігі, бухгалтерлік есеп жүйесі болмаған жағдайда, дәріханалар Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде жұмыс істей алады.

Сондай-ақ, дәріхана қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін Бірыңғай оператор тегін қосымша әзірледі, онда дәрілік заттарды қабылдау және айналымнан алу мүмкіндігі бар.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін