Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізілгенмен сатып алушылар тауар сапасына сенімді болуға және өз құқықтарын қорғауға арналған тиімді құралға ие болды. Таңбалау арқылы әрбір тұтынушы сатып алмас бұрын тауар туралы толық әрі шынайы ақпарат ала алады.
Цифрлық таңбалау – тауар айналымының заңдылығына кепіл. Бұл құрал аяқ киімнің түпнұсқалығын қолдан жасалған өнімнен ажыратуға көмектеседі, Tanba бірыңғай операторының жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жобасының жетекшісі Ерлан Қарабаев дейді.
Таңбаланған аяқ киім қаптамасында уникалды Data Matrix коды болуы тиіс. Naqty Onim қосымшасы арқылы осы кодты сканерлеп, аяқ киімнің атауы мен сипаттамасын, өндіруші мен импорттаушы туралы мәліметтерді және шығарған елді білуге болады. Бұл тауарды саналы түрде сатып алуға және оның заңды екеніне көз жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда 2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киімді міндетті таңбалау енгізілді. Бүгінде Бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторының жүйесінде осы топ бойынша 4,5 мыңнан астам айналым қатысушы тіркелген. Осы уақыт аралығында елімізде шамамен 137,5 миллион жұп аяқ киім таңбаланды.