SHOESSTAR-ASIA аяқ киім және былғары бұйымдарының халықаралық көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында Тауарларды таңбалау және қадағалаудың Бірыңғай операторы Қазақстандағы аяқ киімді таңбалау тақырыбына арналған дәстүрлі дөңгелек үстел өткізді. Көрмеге Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Германия, Қытай және әлемнің басқа елдерінен 40-тан астам тауар өндірушілер қатысты.
Еске сала кетейік, зерттеулерге сәйкес, елдің бүкіл аяқ киім нарығының 48% дерлік көлеңкеде. Бұл аяқ киім өнімдерінің жартысына жуығы заңсыз, есепке алынбай, салық төлемей сатылып жатыр деген сөз. Осыған байланысты, экономиканы, бизнесті және сатып алушыларды заңсыз айналымнан және контрафактілік өнімдерден қорғау мақсатында Қазақстанда 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап аяқ киім өнімдерін (аяқ киім өнімдерін өндіру және импорттаушыларға) міндетті таңбалау енгізілді, бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне өтпелі кезең берілді. 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқ киім өнімдерінің таңбаланбаған қалдықтарын сатуға рұқсат етілді. Ал 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда таңбаланбаған аяқ киімді сатуға тыйым салынады.
Дөңгелек үстел барысында іс-шараға қатысушылар жалпы аяқ киім өнімдерін таңбалау жобасы туралы қосымша ақпарат алып, таңбалау процесімен, таңбалау жүйесінде жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысып, мамандардан практикалық кеңестер алды.
Өнімді таңбалаудың мақсаты нарықтың ашықтығын және бизнестің әділ шарттарын қамтамасыз ету, нарықтағы контрафактілік өнімдерді азайту және салық түсімдерін арттыру болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда аяқ киімді таңбалаудан күтілетін нәтиже 2025-2030 жж 15 млрд теңге бюджет кірісін құрап, нарықты 23%-ға ағартып, көлеңкелі айналымды 43 млрд теңгеге дейін қысқартады.