Елорданың ірі сауда орталықтарының бірінде сатушыларға аяқ киімді цифрлық таңбалауды үйретті

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
118
0 пікірлер

Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған түсіндірме жиынына астаналық аяқ киім сатушылардың 40-тан астам өкілі қатысты. Еске салайық, биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда таңбаланбаған аяқ киімді сатуға тыйым салынды.

Елордалық сауда орталықтарының бірінде аяқ киімді цифрлық таңбалау жүйесінің процестері мен артықшылықтарын түсіндіру мақсатында Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың жобалық кеңсесінің өкілдері аяқ киім сатушылардың өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлерге тауарларды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың басты мақсаты Қазақстандағы сауданы ашық ету екені тағы бір мәрте еске салынды. Бөлшек саудагерлер тарапынан таңбаланбаған аяқ киімді сатуға жауапкершілік, қосымша ақпарат алу мүмкіндігі және импорттаушылар мен көтерме саудагерлермен мақсатты жұмыс жүргізу мәселелері көтерілді.

Оператор арнайы орын ретінде елордадағы 100-ге жуық аяқ киім сататын сауда орындарының бірін таңдады. Аталмыш ақпараттық-түсіндіру шаралары тауар айналымына қатысушыларды ақпараттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен қатар тұрақты түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, бірыңғай оператор аяқ киім өнімдерін импорттаушылар, көтерме саудагерлер мен өндірушілерді таңбалау және қадағалау жүйесі туралы ақпараттандыру жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр. Кәсіпкерлерге цифрлық таңбалау туралы толық ақпарат алуға арналған 8 800 080 6565 телефоны бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы жұмыс істейді.

Еске салайық, аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалау және қадағалау нарықтағы көлеңкелі айналымның жоғары үлесіне байланысты 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілген болатын. Бейімделу кезеңіне байланысты кәсіпкерлерге ережелерді сақтауға байланысты көптеген жеңілдіктер берілді.

Цифрлық таңбалауды және бақылауды енгізу нәтижесінде ресми аяқ киім импорты 13 миллион жұпқа (30%) өсті (37,2 миллион жұптан 53,1 миллион жұпқа дейін). 2018-2020 жылдар кезеңіне таңбалау енгізілгенге дейін аяқ киім импорты 35-тен 39 миллион жұпқа дейін ауытқыды. 1 сәуірден бастап тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркелген аяқ киім көлемі 3 есеге жуық артты. Кәсіпкерлер таңбалауды енгізу бағаның өсуіне әсер етпегенін атап өтті.

 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін