Қазақстанда заңсыз жолмен әкелінген аяқ киім азайды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
135
0 пікірлер

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енді: осы кезеңнен бастап тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) тіркелмеген аяқ киімді сатуға тыйым салынады. Екі айда Қазақстанда таңбаланған аяқ киімнің көлемі екі есеге өсті: егер 2023 жылдың наурызында таңбаланған аяқ киімнің көлемі ТТҚ АЖ тіркелген таңбалау кодтарының саны бойынша 6 145 348 бірлікті құраса, ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында жүйеде ай сайын 15 миллионнан астам код тіркеледі, бұл бизнестің бақылау жүйесімен жұмыс істейтінін және жүйенің негізгі функциясының атқарылатынын – көлеңкелі экономикамен күресудегі жоғары белсенділігін көрсетеді.

Цифрлық таңбалаудың және қадағалаудың басты ерекшелігі – тауарларды жеткізу және сату тізбегін барынша ашық ету, осылай елдегі аяқ киім тауарларының көлеңкелі импорты мен айналымын болдырмайды. Ресми деректерге сүйенсек, бұл саладағы көлеңкелі экономика статистикасы 48 пайызды құрайды, яғни әрбір екінші жұп аяқ киім елге заңсыз әкелінеді.

Аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалау және қадағалау ережелерінің сақталуына ең үлкен қызығушылықты отандық өндірушілер білдіруде. Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жүйе тауарды елге заңсыз алып келуге мүмкіндік бермейді және тауарды көлеңкелі айналымда төмен бағаға сататын, бәсекелесуге мүмкін емес импорттаушыларды анықтауға көмектеседі.

«Өндірістік нысандарда барлық қажетті таңбалау процестері қалыптастырылған, мұнда күрделі ештеңе жоқ және таңбалауды енгізуде де ешқандай мәселелер туындаған жоқ. Біз таңбаланбаған аяқ киімді сатуға тыйым салуға дайын болдық, өйткені біз таңбалаудың қажеттілігін түсінеміз және нарықтағы ашықтық пен адал бәсекелестікті қолдаймыз. Таңбалауды енгізгеннен тауар бағасының өсуі байқалады, бірақ бұл кішігірім өсу, таңбалауды енгізу тауардың өзіндік құнына күрт әсер еткен жоқ», - деп бөлісті «QazTextileIndustry» Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер одағы басқармасының төрағасы Гүлмира Уахитова.

Кәсіпкерлердің, соның ішінде импорттаушылардың айтуынша, таңбалау құны орта есеппен 350 теңгені немесе бір жұп аяқ киімнің шамамен 1%-ын құрайды. Аяқ киім өндірушілері таңбалау шығындарын тауар құнына қосқанда, олардың маржалары 2-4%-ға азаяды, алайда бизнес істерін адал жолмен жүргізудің бәсекелестік артықшылығына ие болады.

«ТаразКожОбувь» ЖШС аяқ киімді цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жобаға қатысты, сондықтан бізде барлық үдерістер қалыптасқан, біз таңбаланбаған аяқ киімді сатуға тыйым салынатынын білдік. Таңбалау шығындарына келетін болсақ: біз бір рет принтерді және Data Matrix кодтарын сатып алдық, бұл шығындар аяқ киімнің құнына айтарлықтай әсер етпейді. Таңбаланбаған аяқ киімді сатуға айыппұл салуды да оң бағалап отырмыз. Бизнесті жүргізудің ережелері мен шарттары барлығына бірдей болуы тиіс», - деді «ТаразКожОбувь» ЖШС бас директоры Еркін Әбдібаев.

Цифрлық таңбалауды және бақылауды енгізу нәтижесінде ресми аяқ киім импорты 13 миллион жұпқа (30%) өсті (37,2 миллион жұптан 53,1 миллион жұпқа дейін). 2018-2020 жылдар кезеңіне таңбалау енгізілгенге дейін аяқ киім импорты 35-тен 39 миллион жұпқа дейін ауытқыды.

Еске салайық, Қазақстанда таңбалау және қадағалау жүйесі үш өнім тобына қолданылады: темекі (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап таңбалау коды акциздік таңба функциясын ауыстырды), аяқ киім (2021 жылғы 1 қарашасынан бастап) және 2022 жылдың 1 шілдесіен бастап - дәрілік заттарды таңбалауды және бақылауды кезең-кезеңімен енгізілуде. Міндетті таңбалауға жататын тауар топтары негізгі критерийлер бойынша таңдалады: 1) көлеңкелі экономиканың жоғары деңгейі; 2) халықтың денсаулығына жоғары қауіп.

Қазақстанда тауарларды таңбалау және қадағалау ережелері ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы аясында 2019 жылдың көктемінде күшіне енгізілген.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін