Қазақстанда аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануы: нарық қатысушыларын не толғандырады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
209
0 пікірлер

Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалаудың басталуына бір айдан аса уақыт қалды. 1 қарашадан бастап таңбаланбаған аяқ киімді өндіруге және ел аумағына әкелуге тыйым салынады. Аяқ киім нарығына қатысушылар инновацияға тиімді дайындалуы үшін бизнес жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз.

Процесті кім жүзеге асырады

Мемлекет (ҚР ИИДМ, ҚР СИМ, ҚР ҚМ МКК).

«Қазақтелеком» АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығы — ҚР-да тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы.

Бизнес: өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда.

Негізгі даталар

2021 жылғы 1 қарашадан бастап аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі.

2022 жылдың 1 сәуіріне дейін 2021 жылдың 1 қарашасына дейін әкелінген таңбаланбаған аяқ киімді сатуға болады.

2022 жылғы 1 қарашаға дейін сатылмаған таңбаланбаған аяқ киім тауарлары аяқ киім тауарларының қалдықтары ретінде таңбалануы тиіс.

2022 жылғы 1 қарашадан бастап таңбаланбаған аяқ киімді сатуға және олардың айналымына тыйым салынады.

Аяқ киімге таңбалау кодын қалай алуға болады

Ол үшін markirovka.kz тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіне тіркелу қажет. Тауарларды ұлттық тауарлар каталогында тіркеп, содан кейін жүйе таңбалау кодтарын әзірлейді.

Таңбалау жүйесінде жұмысты қашан бастауға болады

Қазір. markirovka.kz тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінде өнімді нұсқада тауарлар карточкаларын Ұлттық каталогқа енгізіп, барлық қажетті жолақтарды толтыруға болады. Сондай-ақ, барлық процестерді, соның ішінде Data Matrix кодтарына тапсырыс бере алатын сынақ ортасы бар. Бұл жағдайда тапсырыс берілген кодтар да тест кодтары болып саналады. Тест-нұсқасы осы сілтеме бойынша қолжетімді https://stage.ismet.kz/.

Аяқ киімнің қандай түрін таңбалау керек

СЭҚ ТН 6401, 6402, 6403, 6404, 6405 кодтарына сәйкес

Таңбалау мен өнім кодының түпнұсқалығын қалай тексеруге болады

Тұтынушылар Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен Data Matrix кодын сканерлеу арқылы тауардың заңдылығын өз бетінше тексере алады. Қазір мұндай тексеру темекі өнімдері үшін қол жетімді. Аяқ киімді міндетті таңбалауды енгізгеннен кейін бұл аяқ киім үшін де мүмкін болады.

Аяқ киімді кім және қайда таңбалайды

Егер аяқ киім Қазақстанда жасалса, онда оны өндіруші таңбалайды. Ол өнімдерді сатылымға шығарғанға дейін таңбалауы керек. Егер аяқ киім шетелде (оның ішінде ЕАЭО елдерінде) жасалса, онда импорттаушы тауарды таңбалайды. Бұл жағдайда аяқ киімді:

- үшінші елдер аумағында;

- өндірісте;

- кеден қоймаларында таңбадалуға болады.

Аяқ киім сатудағы бөлшек сауда 2D-сканермен немесе Naqty sauda kassa қосымшасымен таңбалау кодын сканерлеу арқылы тауарларды айналымнан шығарады. Сонымен қатар, егер ақаулы немесе бүлінген өнім болса, оны айналымнан шығаруға осылайша болады: жүйеде хабарлама құжаты жасалады, содан кейін белгілі бір себептермен шығарылуы керек кодтарды көрсету керек, мысалы, «брак», «бүліну», «жою».

Data Matrix коды қайда орнатылады

Код өнімге, затбелгіге немесе қорапқа қолданылуы керек.

Өндіруші мен импорттаушы GTIN (қаптаманың штрих-коды) қалай алады

Өндірушілер мен импорттаушылар таңбалау кодын алу үшін таңбалау жүйесіндегі тауарлардың ұлттық каталогындағы бұйымның әрбір түріне карточканы толтыруы қажет. Толтыру кезінде GTIN көрсету керек. Оны алу үшін «GS1-Kazakhstan» автоматты сәйкестендіру қауымдастығына еніп, мұны таңбалау жүйесінде жасауға болады. Осыдан кейін 487 префиксі бар GTIN алынады (Қазақстан).

Таңбалау коды қанша тұрады

ҚР Үкіметі аяқ киімге таңбалау кодының құнын ресми түрде 2,68 теңге (ҚҚС-сыз) болып бекітті.

2021 жылғы 1 қарашаға дейін елге әкелінген таңбаланбаған аяқ киіммен не істеу керек

Оны таңбалау жүйесінде оңайлатылған схема бойынша таңбалау қажет (жүйеде тауар туралы оңайлатылған мәліметтер көрсетіледі).

Аяқ киім таңбалауды енгізу бағаға әсер ете ме?

Орташа алғанда, өндірушілер мен импорттаушылар үшін таңбалауға байланысты шығыстар бір жұп аяқ киім құнының 0,1% -2,5% - ын құрайтын болады. Бұл салыстырмалы түрде аз және бұл бағаларға айтарлықтай әсер етпейді.

Сұрақтар туындаса, қайда жүгіну керек

Цифрлық таңбалаудың барлық мәселелері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 8 800 080 65 65 байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін