Кеден қоймаларында аяқ киім қалай таңбаланады

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
240
0 пікірлер

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі. Бұл Data Matrix коды жоқ аяқ киімді өндіруге және ел аумағына әкелуге тыйым салынатынын білдіреді. Импорттық аяқ киімді кедендік тазарту рәсімдері аяқталғанға дейін үшінші елдердің аумағында немесе кеден қоймасында таңбалауға болады.

Ол үшін импорттаушы markirovka.kz таңбалау жүйесінде тіркеліп, аяқ киім туралы ақпаратты енгізеді және Data Matrix кодтарына тапсырыс береді. Таңбалау кодтары жүйеде PDF немесе CSV форматында жасалып, басып шығарылады.

Кеден қоймасы Data Matrix кодтарын принтермен өзі басып шығарып, оларды аяқ киімге орната алады, бұл үшін арнайы бөлме компьютермен, жылу тасымалдағыш принтермен және 2D сканермен жабдықталу қажет. Немесе импорттаушы кодтарды баспаханада басып шығара алады, содан соң оларды тауарға орнату үшін кеден қоймасына жібереді. Кодтар аяқ киімге, тауарлық белгіге немесе тұтыну қаптамасына орнатылуы тиіс. Сондай-ақ, үшінші нұсқа да бар – кеден қоймасы импорттаушыға таңбалау кодтарын қолдануға арналған жабдықталған бөлмені ұсынады.

Осылайша, аяқ киімді кеден қоймасының қызметкерлері немесе импорттаушының өкілдері таңбалайды. Мұның бәрі айналымға қатысушылар мен кеден қоймасы арасындағы келісімдерге байланысты. Аяқ киім таңбаланғаннан кейін, ол қайтадан оралып, әрі қарай сату үшін импорттаушыға беріледі.

ҚР кеден қоймалары аяқ киімді цифрлық таңбалау процесін белсенді зерделеп жатыр және Data Matrix кодтарын енгізу бойынша қызметтер ұсынуға дайын.

«Біз Еуропалық сапа стандарттары бойынша жабдықталған DAMU Logistics компаниясының кедендік қоймаларында барлық тест жұмыстарын аяқтадық және аяқ киімді таңбалауға дайынбыз. Бізде бұл үшін барлық қажетті инфрақұрылым бар, аяқ киімнің кез келген көлемін қабылдай аламыз. Біз таңбалау қызметтерін ұсынуға дайынбыз», - дейді Damu Logistics компаниялар тобының кеден және УСҚ бағытының жетекшісі Зоя Замашикова.

«Кедендік қоймалар мен импорттаушылардың аяқ киімді таңбалау бөлігіндегі жұмыс механизмі белсенді түрде пысықталуда, бүгінде оның қалай өтетіні туралы нақты түсінік бар. Біздің міндетіміз, таңбалаудың бірыңғай операторы ретінде аяқ киім нарығының барлық қатысушыларына жаңалықтарға оңтайлы бейімделуге көмектесу. Біз цифрлық таңбалау жобасы аясында саланы одан әрі сүйемелдейтін боламыз», - дейді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін