Алматыда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
72
0 пікірлер

4 мамырда Алматыда “Атамекен” АКП алаңында Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының өкілдері дәрілік заттардың айналымына қатысушылармен кезекті семинар-кеңес өткізді. Жиынға 15-тен астам дәріхана ұйымдарының өкілдері қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады.

Семинарда Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор қатысушыларды есеп жүйесінде тіркелуді, жеке кабинеттің функционалдығымен, қабылдау-тапсыру актісін алу, сәйкессіздік туралы хабарлама жасау арқылы тауарды басқа себептермен айналымнан алу және тауарды айналымға қайта енгізу және бақылау-касса машинасын пайдалана отырып тауарды айналымнан алу сияқты таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу процестерімен таныстырды.

Келесі кезекте өнімді таңбалау және қадағалау жүйесінде есеп жазбасы жоқ қатысушылар үшін NS Pharm мобильді қосымшасында қалай жұмыс істеу керек екендігі көрсетілді.

Сондай-ақ, кездесу барысында дәрі-дәрмектің дистрибьюторлары мен өндірушілеріне дәрілік заттарды таңбалау жолдары жеке оқытылды.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, медициналық ұйымдар мен дәріханалар цифрлық таңбалауды және дәрілік заттарды бақылауды енгізуге белсенді түрде дайындалуда. Дәріханалар үшін бұл процедура тегін болады, өйткені олар бірден таңбаланған өнімдерді қабылдайды.

Кездесу нәтижесінде қатысушыларға телеграм-каналға, барлық қажетті ақпаратты қамтитын таңбалау веб-сайтына сілтемелер, сондай-ақ, таңбаланған дәрілік заттармен жұмысты көрсететін бейнероликтер ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды, Талдықорған және Қонаев қалаларында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өткен болатын.

 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін