3 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің «Республика» партиясынан сайланған депутаты іссапар барысында таңбалау кодтарын қолдану, оларды тексеру және тауарды айналымнан шығару барысымен танысты. Сонымен қатар, Tañba өкілдері өндірушіден түпкі тұтынушыға дейінгі өнімдерді қадағалау процесін көрсетті.
Кездесуде Қазақстанда өнімді таңбалау жүйесін дамытудың негізгі мәселелері, оның отандық өндірушілер мен фармацевтикалық нарыққа қатысушыларға әсері туралы айтылды.
Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың басқарушы директоры Алмат Исмаилов тауар ағынының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ететін аналитикалық платформаның жұмысын көрсетті. Аталмыш іс-шарада дәрі-дәрмектің қадағалану механизмдері, тауарды айналымнан шығару процестері, сондай-ақ, тауарлардың сатылуы күндерімен көрсетілді.
Сапар барысында таңбалауды енгізуде құрал-жабдық құны мен өндіріс құны мәселелеріне ерекше назар аударған депутат бизнес үшін инвестициялық ауыртпалықты саралап, отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын енгізу қажеттігін атап өтті.
Жұмыс кездесуі таңбалау жүйесін дамытудың маңызды аспектілерін және оның бизнес қауымдастығына әсерін егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік берді. Бірыңғай оператор өкілдері алаңның технологиялық мүмкіндіктерін көрсетті, ал депутат отандық өндірушілерді реттеу мен қолдауды жетілдіру мәселелері бойынша одан әрі диалогқа дайын екенін білдірді.
Бірыңғай оператор нарықтың ашықтығын арттыруға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған цифрлық шешімдерді әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Анықтама үшін: Үкіметтің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» АҚ Қазақстандағы тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор болып белгіленді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2000000095). Бүгінгі таңда темекі өнімдері, аяқ киім және дәрі-дәрмекке міндетті таңбалау енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035129). Келесі өнім топтары бойынша таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар.