Павлодар облысындағы дәріхана қызметкерлері таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуге үйретілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
107
0 пікірлер

20 мамыр күні Медициналық-фармакологиялық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің жетекшілігімен «Қазақтелеком» АҚ, Техникалық қызмет көрсету орталығы және Web-Kassa бірлесе отырып семинар-кеңес өткізді, оған облыстағы 60-тан астам дәріхана өкілдері қатысты.

Семинарда Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының қызметкерлері кездесуге қатысушыларды Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырды, тіркеу, жеке кабинетте жұмыс істеу, ҚТА қабылдау, сәйкессіздік себебінен хабарлама жасау, тауарды басқа себептермен айналымнан алу және бақылау-кассалық машинаны пайдалану процестерін көрсетіп, сондай-ақ, 5 күнтізбелік күн өткеннен кейін дәрілік заттарды автоматты енгізу функциясын қосу тақырыбы талқыланды.

Бірыңғай оператор жүйесінде жеке кабинетінде жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ қатысушылар үшін NS Pharm мобильді қосымшасында жұмыс үрдісі көрсетілді.

Сондай-ақ, Техникалық қызмет көрсету орталығының қызметкерлері бақылау-касса машинасын пайдалана отырып, дәрі-дәрмектің тауар айналымынан алыну процестерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, кезең-кезеңімен көрсетті және дәріхана ұйымдарының жеке бақылау-кассалық аппараттарының функционалдығын талдады.

Кездесу нәтижесінде кездесу ұйымдастырушылары есеп жүйесін автоматтандыру деңгейі әртүрлі 3 жеке дәріхана ұйымына барды, оның ішінде: автоматтандыру деңгейі жоғары, жартылай автоматтандырылған және мүлдем автоматтандырусыз қызмет көрсетудегі дәріхана. Осылайша қатысушылар қажетті құрал-жабдықтардың болуына қарай әрбір дәріхана ұйымы үшін таңбалау жүйесінде жұмыс істеудің барлық мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дәрілік заттардың таңбалануы және қадағалануы бойынша қажетті ақпарат пен материалдар қамтылған телеграм-каналға сілтеме ұсынылды.


 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін