Қызылорда қаласының дәріханалар мен фармацевтикалық қоймалардың қызметкерлері таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуге үйретілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
76
0 пікірлер

Мамырдың 14-15 күндері аралығында Қызылорда қаласында Қызылорда облысындағы дәріхана өкілдерімен таңбаланған дәрілермен жұмыс туралы кеңес өтіп, оған ірі желілік және шағын дәріханалардың 30-дан астам өкілдері қатысты. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 316 дәріхана мен 19 дәріхана қоймасы жұмыс істейді.

Іс-шараға қатысушылар үшін Бірыңғай оператор өкілдері дәріханалардағы дәрілік заттардың қадағалану үдерісіне қатысты түсіндірме берді. Жиын барысында дәріханалардағы дәрілік заттардың қадағалану схемасы көрсетіліп, таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан қабылдау және алып тастау жұмыстары түсіндірілді.

Кездесулер нәтижесінде Бірыңғай оператор қызметкерлері Қызылорда облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті (МФБКД) өкілдерімен бірге «ФАРМАКОМ» ЖШС, «ФАРМАТЕКА» ЖШС, Пржанова ЖК және «Айгерім Фарм» ЖШС дәріханаларына және дәріхана қоймасына барды. Бүгінде дәріханалар таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуге дайындалуда. 2D сканерлері сатып алынЫП, дәріханада орнатылған есепке алу жүйесін Бірыңғай оператор жүйесімен одан әрі интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Дәріхана қызметкерлері дистрибьюторлардан тауарларды қабылдау, тауарды салыстыру және қоймаға тауарларды орналастырудың ағымдағы процесін көрсетті.

Еске салайық, сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды ​​және Қонаев қалаларында дәріхана қызметкерлерін дәрілік заттарды таңбалау мен бақылауды енгізуге дайындау бойынша жұмыс кеңестері өткен болатын. Ал мамыр айының басында осындай оқу-жаттығу шаралары Шымкент, Түркістан және Сарыағаш қалаларында өтті. 13 мамырда Қызылорда қаласында Қызылорда облысының медициналық ұйымдарының өкілдерімен есеп жүйесін медициналық ақпараттық жүйесімен және Бірыңғай оператор жүйесімен біріктіруге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.



Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін