Павлодар облысындағы медициналық ұйымдардың қызметкерлері таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеуге үйретілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
102
0 пікірлер

21 мамырда Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының төрағалығымен Тауарларды таңбалау және қадағалау Бірыңғай операторының өкілдерімен бірігіп, 50 ірі медициналық ұйыммен кездесу өткізді, оған 150-ден астам адам қатысты.

Кездесуде Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор қызметкерлері жиынға қатысушыларды Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырып, онда ҚТА қабылдау, тауарды дәрілік айналымнан шығару процестерін көрсетті. Сондай-ақ, Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінің ұйымның есеп жүйесімен және МАЖ-бен интеграциясы туралы ақпарат берілді.

Одан әрі бухгалтерлік есеп жүйесі жоқ шағын медициналық ұйымдар үшін таңбалау жүйесінің жеке кабинетінде жұмыс істеу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Кездесу барысында дәрілік заттарды блистермен немесе таблетка түрінде даналап жазып алу және медициналық ұйымдар арасында дәрілік заттарды тасымалдау жағдайында жұмыс істеуге қатысты түсіндірмелер берілді. Кейбір медициналық ұйымдармен кездесу нәтижесінде жүйені интеграциялау процедуралары аяқталғаннан кейін жүйені сынақтан өткізу туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалауды енгізу бойынша қажетті өзекті ақпаратты қамтитын телеграм-каналға сілтеме және таңбалау жүйесінде тіркеу, авторизациялау, жұмыс істеу және жүйелерді біріктіру бойынша нұсқаулықтар туралы бейнематериалдар ұсынылды.

 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін