Жамбыл облысының 69 медициналық ұйымының өкілдері таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеуге оқытылды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
103
0 пікірлер

16 мамырда Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың төрағалығымен Медициналық-фармакологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменті және Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператормен бірлесіп медициналық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті, оған 69 медициналық ұйымның 150-ден астам өкілі қатысты.

Кездесуде Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор жиналысқа қатысушыларды Бірыңғай оператор жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен таныстырды, ҚТА қолдануын және дәрілік заттарды тауар айналымынан алып тастау үрдісін көрсетті. Кездесу қатысушыларына Бірыңғай оператор ақпараттық жүйесін ұйымның есеп жүйесімен және ақпараттық жүйесімен интеграциялау барысы түсіндірілді. Есепке алу жүйесі жоқ шағын медициналық ұйымдар үшін таңбалау жүйесінің жеке кабинетінде жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылды.

Кездесу барысында қатысушыларға тіркелмеген дәрілік заттармен жұмыс істеу және медициналық ұйымдар арасында дәрілік заттарды тасымалдау бойынша түсіндірмелер берілді. Сондай-ақ, кейбір медициналық ұйымдармен жүйелерді біріктіру процедуралары аяқталғаннан кейін тестілеуді өткізу туралы келісім жасалды.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға оқыту бейнелеріне сілтемелер берілді.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін