Шымкент, Түркістан және Сарыағаш қалаларының медициналық ұйымдары мен дәріханаларының өкілдері таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуге үйретілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
65
0 пікірлер

Фармацевтика саласының өкілдерін таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу жөнінде ақпараттандыру мақсатында 2-4 мамыр күндері аралығында Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының қызметкерлері Шымкент, Түркістан облысы және Сарыағаш қалаларының медициналық ұйымдар мен дәріхана қызметкерлерін таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеуге үйретті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады. Осыған байланысты бүкіл Қазақстан бойынша медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, импортерлердің, дистрибьюторлардың және өндірушілердің өкілдерін таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеуге ақпараттандыру және оқыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Шымкентте семинар-кеңеске 100-ден астам дистрибьюторлар, дәріхана және медициналық ұйымдардың өкілдері және есеп жүйелері мен Webkassa жеткізушілері қатысты. Бірыңғай оператор өкілдері дәрілік заттардың көтерме және бөлшек саудасында, сондай-ақ, медициналық ұйымдарда таңбалау мен қадағалауды енгізу тәртібін түсіндірді.

Оқыту нәтижесінде Бірыңғай оператор қызметкерлері отандық дәрі-дәрмек өндіруші «ХИМФАРМ» АҚ-ның өндіріс орындарында және «ҮЕҰ «Зерде» ЖШС және «Ақ ниет» ЖШС ірі дистрибьюторларының аумақтарында болды.

Түркістан қаласында өткен семинар-кеңеске 20-ға жуық дәріхана ұйымдарының өкілдері қатысты. Таңбалау жүйесінде таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс жасау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді. Қатысушылардың назарына NS Pharm мобильді қосымшасы ұсынылып, тауарларды айналымнан алу туралы хабарламаларды қабылдау және қалыптастыру, таңбалау кодтарын тексеру және бақылау құжаттарын құру үрдістері көрсетілді. Сондай-ақ, Webkassa өкілдері сканерді қолданбай Webkassa есеп жүйесі арқылы дәрі-дәрмектің айналымнан шығарылуын көрсетті.

Сарыағаш қаласында Түркістан облысындағы дәріхана және медициналық ұйымдармен өткен семинар-кеңесте таңбалау жүйесінде таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу және NS Pharm мобильді қосымшасында жұмыс жасау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді. Жиын барысында аудандық дәріханаларға электр қуаты уақытша болмаған кезде таңбаланған дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу туралы түсіндірмелер берілді. Ismet.kz сайтында тіркелу және Таңбаланған тауарларды электрондық құжаттандыру орталығының ақпараттық жүйесінде авторизациядан өту процесі көрсетілді. Кездесу нәтижесінде қатысушыларға жүйеге тіркелу және ондағы әрі қарай жұмыс істеу бойынша кеңестер мен қолдау көрсететін орталық қызмет көрсету орталығының байланыстары ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды ​​және Қонаев қалаларында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өткен болатын.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін