Денсаулық сақтау министрі А. Гиният пен Цифрландыру министрі Мусин Б. таңбаланған дәрілік заттардың қадағалануының толық тізбегі көрсетілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
107
0 пікірлер

Таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, «Электрондық денсаулық сақтау» республикалық орталығымен және «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесе отырып, таңбаланған дәрілік заттардың біріктірілген ақпараттық жүйелердегі айналымнан кодты шығару және пациентке дейін таңбаланған дәрілік заттардың жеткізуді қадағалануының барлық тізбегін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Гиниятқа және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Б демонстрация көрсетті. Кездесу Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйелерін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен біріктіру аясында өтті.

Кездесуге қатысушылар «СК-Фармация» компаниясының медициналық ұйымдарға жеткізілімдері құрамында таңбаланған дәрілік заттардың қадағалануы бойынша эксперименттің барысымен, атап айтқанда, интеграцияланған жүйелерде таңбалау кодтарының қозғалысын тестілеумен танысты.

Кездесу барысында келесі процестер көрсетілді: Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде таңбалау кодтары бар қабылдау-тапсыру актісін қалыптастыру және жолдау, «СК-Фармация»-дан шот-фактураны медициналық ұйымның есепке алу жүйесіне қабылдау, Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінен қабылдау актісі, деректерді медициналық мақсатта медициналық ақпараттық жүйеге беру және пациенттерге берлітен дәрілерді есепке алуды жүргізу, медициналық ұйымның есепке алу жүйесіндегі дәрілік заттарды және таңбалау кодын Бірыңғай оператордың ақпараттық жүйесінде айналымнан алып тастау.

Бірыңғай оператор сонымен қатар медициналық ұйымдарда қолданылатын есепке алу жүйелерімен, мысалы, «ESPULS» «Авиценна» МИС-пен, «UNITED DEVELOPMENT GROUP» ЖШС, «KIT Prof» ЖШС «GIS (Аурухананың ақпараттық жүйесі)» өзара әрекеттесу жұмыстарын жүргізуде.

Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау мен қадағалаудың негізгі мақсаттары – жалған дәрілік заттардың Қазақстан нарығына енуіне жол бермеу, қайта айналымға және жалған дәрілік заттардың алдын алу және өндірілетін және импортталатын өнімнің сапасын арттыру.



Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін