Жамбыл облысының медициналық ұйымдары міндетті таңбалауды енгізуге дайындық деңгейін көрсетті

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
99
0 пікірлер

17 мамырда медициналық ұйымдардың таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеуге дайындық деңгейін анықтау және ақпараттық жүйелерді интеграциялау мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторының қызметкерлері облыстық көпсалалы аурухана және Жамбыл облысы Байзақ ауданының орталық емханасына іс-сапармен аттанды.

Бұл медициналық ұйымдар жүйені біріктіруге дайын екендіктерін және таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс істеуге қажетті жабдықтардың бар екендігін көрсетті. Кездесу барысында Бірыңғай оператор қызметкерлері оператордың таңбалау және қадағалау жүйесінің функционалдығы туралы егжей-тегжейлі айтып, ҚТА қабылдауды және дәрі-дәрмек айналымынан тауарды алып тастауды көрсетті.

Кездесу нәтижесінде қатысушылар жүйені алдын ала сынақтан өткізуге келісті.



Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін