Қызылорданың медициналық ұйымдары дәрілік заттардың міндетті түрде таңбалануына дайындалуда

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
76
0 пікірлер

13 мамырда Қызылорда қаласында Қызылорда облысының медициналық ұйымдарының өкілдерімен есеп жүйесін медициналық ақпараттық жүйемен және Бірыңғай оператор жүйесімен біріктіруге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады.

Офлайн кездесуге медициналық ұйымдардың 50-ден астам қызметкерлері, бас дәрігерлер, есепшілер, фармацевтер, БМАЖ Дамумед өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қатысушыларға ыңғайлы болу үшін оларға ZOOM форматында кездесуге қосылу мүмкіндігі берілді.

Іс-шараға қатысушылар үшін Бірыңғай оператор өкілдері медициналық ұйымдардағы дәрілік заттардың қадағалану үдерісіне қатысты түсініктеме берді. Жиын барысында медициналық ұйымдардағы дәрілік заттардың қадағалану схемасы көрсетіліп, дәрілік заттарды қабылдау, ішкі қозғалыс және айналымнан шығару бойынша қаржылық жауапты тұлғалардың жұмысы түсіндірілді. Кездесуге қатысушылар медициналық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүйесін Бірыңғай оператор жүйесімен біріктіру туралы сұрақтарды талқылап, толыққанды жауаптар алды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің (МФБД) қызметкерлерін оқыту аясында Бірыңғай оператор жүйесінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірыңғай оператор жүйесінің функционалдығы көрсетілді, жүйеде жұмыс істейтін дәріханалардың үдерісі және тестілік ортада кассалық чекті пайдалана отырып, айналымнан шығару егжей-тегжейлі зерделенді. Жиі қойылатын сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар да берілген. Тренинг нәтижелері бойынша МФБД қызметкерлері жүйенің негізгі функцияларымен және дәріхана ұйымдарының жұмыс тәртібімен сәтті танысты.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Астана, Алматы, Қарағанды ​​және Қонаев қалаларында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалауды енгізуге дайындық бойынша жұмыс кеңестері өткен болатын. Ал мамыр айының басында осындай оқу-жаттығу шаралары Шымкент, Түркістан және Сарыағаш қалаларында өтті.


Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін