Қазақстанда биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Тиісті бұйрық Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілді.
Жоба тұтынушыларды контрафактілік өнімдерінен қорғап, елімізде ББҚ-ның ашық нарығын құру мақсатында жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаны жүзеге асырумен Tanba бірыңғай таңбалау операторы айналысады.
Таңбалау кодтары мемлекеттік органдарға қоспаларды өндірушіден түпкі тұтынушыға дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беріп, бұл контрафакт пен жалған өнімдердің санын азайтуға көмектеседі. Бірыңғай операторының дәрілік заттарды таңбалау жобасының жетекшісі Анар Карибаева бұл бастаманы маңызды деп атады, себебі ББҚ фармацевтикалық дәрілермен қатар лицензиялауға жатпайды.
Пилоттық жобаға өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, бөлшек және желілік сауда өкілдері қатыса алады. Кәсіпкерлер үшін бұл пилоттық жоба таңбалау ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктерін тегін сынауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, цифрлық таңбалау тұтынушыларға өнімнің түпнұсқалығын бірегей сандық кодты Naqty Onim қосымшасы арқылы сканерлеп, тауарларды өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді.
Қосымша ақпарат: Бүгінгі таңда үш өнім тобына міндетті таңбалау енгізілді: аяқ киім, темекі бұйымдары және дәрі-дәрмек. Ал келесі өнім топтары үшін таңбалау бойынша пилоттық жобалар іске қосылды: мотор майлары, сыра қайнату өнімдері, зергерлік бұйымдар, биологиялық белсенді қоспалар.