Импорттаушылар дәрілік заттарды цифрлық таңбалауды енгізуге дайындалуда

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
99
0 пікірлер

2024 жылдың 4 мамырында Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы дәрілік заттардың айналымына қатысушылармен кезекті кездесуін өткізді. Бұл жолы жиынға қатысушы болып импорттаушы, сондай-ақ, дәрі-дәрмектің көтерме және бөлшек дистрибьюторы болып табылатын «Луч» ЖШС қызметкерлері болды.

Кездесу барысында қатысушылар кедендік қоймалардағы дәрілік заттарды таңбалаудың және бақылаудың толық циклімен, сондай-ақ ЕАЭО және үшінші елдерден дәрілік заттарды импорттауды хабардар ету процесімен танысты. Сондай-ақ, іс-шара барысында қызметкерлер таңбаланған дәрілік заттарды одан әрі көтерме және бөлшек саудада өткізу процестерін іске асыруды үйретілді.

Семинарда Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор қатысушыларды есеп жүйесінде тіркелуді, жеке кабинеттің функционалдығымен, қабылдау-тапсыру актісін алу, сәйкессіздік туралы хабарлама жасау арқылы тауарды басқа себептермен айналымнан алу және тауарды айналымға қайта енгізу және бақылау-касса машинасын пайдалана отырып тауарды айналымнан алу сияқты таңбаланған дәрілік заттармен жұмыс істеу процестерімен таныстырды.



Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін