Бірыңғай оператор Жамбыл облысындағы «СК-Фармация» жедел қоймасының өкілдерімен кездесу өткізді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
111
0 пікірлер

16 мамырда Тауарларды таңбалау және қадағалау бойынша бірыңғай оператор қызметкерлері дәрі-дәрмектің көтерме және бөлшек дистрибьюторы болып табылатын «Амир и Д» ЖШС Жамбыл облысы бойынша «СК-Фармация» жедел қоймасының өкілдерімен кездесу өткізді.

Бірыңғай оператор қызметкерлері оператордың таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу туралы түсіндірмелер беріп, қоймалар мен бөлшек сауда ұйымдарының есепке алу жүйелерін біріктіруге қатысты техникалық мәселелерді талқылады.

Одан әрі жиынға қатысушылар таңбаланған дәрілік заттарды топтастыру, дезагрегациялау, тауарларды блистер арқылы өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ, актіде сәйкессіздік анықталған кезде дәрілік заттарды қабылдау ерекшеліктерін талқылады.

Сонымен қатар барлық қатысушыларға оқыту бейнелеріне сілтемелер берілді.


 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін