Data Matrix кодтары бар дәрілік препараттардың кезекті партиясы Алматы қоймаларына жеткізілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
278
0 пікірлер

Қазақстанда дәрілік препараттарды таңбалау және қадағалау жұмыстары жалғасуда. Дәрі-дәрмектердің өндірушіден дәріханаға және сатып алушыға дейінгі барлық жолын бақылау әр қаптамаға орнатылатын Data Matrix кодының арқасында мүмкін болып отыр. Бұл ретте барлық логистика таңбалау жүйесінде көрсетіледі (markirovka.kz).

Жақында Алматы қаласындағы «Рауза АДЕ» және «Іңкәр» дистрибьютор-компанияларының қоймаларына пилоттық жоба аясында таңбаланған препараттардың кезекті партиясы жеткізілді. Олардың арасында «Урсозим» гепатопротекторы және «Кетотифен» аллергияға қарсы препараты бар. Олардың таңбалау кодтары «Абди Ибрахим Глобал Фарм» компаниясының зауытында орнатылған. Сондай-ақ, «Нижфарм» АҚ ресейлік алаңында шығарылып таңбаланған «Натальсид» препараты да жеткізілді.

Енді бұл препараттар айналымға енгізіліп, Алматы дәріханаларына жеткізілетін болады.

Еске салсақ, Data Matrix кодында өндіруші, препараттың атауы, шығарылған күні, қозғалысы туралы сенімді ақпарат бар. Криптоқорғанысының арқасында кодты қолдан жасау мүмкін емес, бұл тұтынушыларды жалған өнімнен қорғауға мүмкіндік береді. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін