Елордалық «СК-Фармация» қоймасына Кетотоп Форте мен Трастузумаб жеткізілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
308
0 пікірлер

   Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау пилоттық жобасы аясында Нұр-Сұлтандағы «СК-Фармация» компаниясының қоймасына отандық өндірушілермен таңбалаған Кетотоп Форте мен Трастузумаб түсті.

    Мәселен, Кетотоп Форте препаратының қаптамасына Data Matrix кодтары ең ірі қазақстандық фармацевтикалық компания «Химфарм» АҚ зауытында, ал Трастузумабқа – «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС-де орнатылған.

Бұл препараттар қабылданып, онкологиялық және терапиялық ауруларды емдеу үшін елордалық медициналық ұйымдарға жіберіледі.

    Таңбалау кодының көмегімен фармацевтикалық препараттардың өндірушілерден қоймаларға дейін, содан кейін медициналық ұйымдарға жеткізгенге дейін барлық жолын бақылау мүмкіндігі бар.

    Айта кетейік, бүгінгі таңда жоба аясында отандық өндірушілерден Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Алматы облысының медициналық ұйымдарына дейін 2,5 мыңға жуық дәрі-дәрмек қаптамаларының жолы бақыланды.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін