Өзбекстандық өндірушілер Қазақстан импорттаушылары үшін аяқ киімге таңбалау кодын тегін орналастыруға дайын

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
108
0 пікірлер

2023 жылдың 18 қазанында Ташкенттегі «UzCharmExpo» XV Халықаралық былғары, аяқ киім және үлбір көрмесі алаңында Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператор Өзбекстанның ірі аяқ киім өндірушілерімен бірқатар нәтижелі келіссөздер жүргізді.

Шара барысында Бірыңғай оператор қызметкерлері әлеуетті аяқ киім жеткізушілеріне Қазақстандағы аяқ киім өнімдерін таңбалауға қойылатын қазіргі талаптар туралы айтып берді.

Бірыңғай оператор өкілдері Apollo брендімен нарықта белгілі арнайы аяқ киім шығаратын «Gozal biznes plyus» компаниясының коммерциялық директоры Игорь Тюлевпен кездесті. Компания бірнеше жылдан бері Қазақстан нарығына өнім экспорттап келеді. Игорь Тюлев аяқ киімді таңбалауға қатысты қазақстандық заңнамалық талаптардан хабардар екенін және қазақстандық аяқ киім импорттаушыларына өндіріс орындарында таңбалау қызметін тегін көрсетуге дайындығын білдірді.

 

«Косонсой Ал-Азиз жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сияқты бірқатар өзбек аяқ киім өндіруші компаниялардың өкілдері де аяқ киімге үлкен көлемдегі тапсырыстар үшін аяқ киім өнімдеріне таңбалау кодтарын тегін қолдану бойынша қызметтерді көрсетуге дайындығын білдірді.

«Біз Алматыға 2 апта сайын аяқ киім тиелген бір жүк көлік жібереміз. Жүк көлігінде шамамен 12 мың жұп аяқ киім бар. Біз аяқ киімді таңбалау туралы естіп қана қоймай, сонымен қатар біз ресейлік импорттаушылармен жұмыс істегенде таңбалау қызметтерін көрсетеміз. Біз Қазақстан импорттаушыларына бұл қызметтерді тегін көрсетуге дайынбыз», - деп бөлісті Azmaro брендімен белгілі аяқ киім шығаратын «Shark Ravon» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері Захид Қасымов.

Өзбекстандық аяқ киім өндірушілері екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамытуға үлкен қызығушылық танытып, Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес аяқ киім импорты бойынша қосымша қызметтер көрсетуге дайындығын білдіріп өтті.

Естеріңізге сала кетейік, UzCharmExpo-Eurasia – Орталық Азиядағы ең ірі былғары, үлбір және аяқ киім көрмелерінің бірі. Көрмеге жалпы 600-ге жуық өзбекстандық және 70 шетелдік компаниялар мен ұйымдар қатысуда.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін