Неліктен таңбалау жүйесіндегі тауарлардың Ұлттық каталогында аяқ киім туралы мәліметтерді толтыру маңызды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
222
0 пікірлер

2021 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануы енгізілетін болады. Өндірушілер мен импорттаушылар аяқ киімді сату үшін оны таңбалау қажет.

Таңбалау кодын алу үшін таңбалау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылатын тауарлардың ұлттық каталогында (ТҰК) бұйымның әрбір түріне карточканы толтыру қажет www.markirovka.kz.

Таңбалау коды тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан соңғы тұтынушыға дейінгі барлық жолын қадағалауға мүмкіндік береді. Тұтынушының өзі Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен өнімнің түпнұсқалығын тексере алады.

Әр аяқ киім өзіндік цифрлық коды болады, бұл жалған жасалған тауардан қорғап, нарықты контрафакт пен контрабандадан тазартады. Data Matrix кодына енгізілген ақпаратты қолдан жасау мүмкін емес.

Таңбалаудың бірегей кодын жасау ТҰК-да тауардың барлық сипаттамалары көрсетілген карточканы толтырғаннан кейін жүзеге асырылады.

Тауар картасын толтырудың бес қадамы:

ЭЦҚ-ны онлайн алу - https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp

NCALayer бағдарламасын мына сілтеме бойынша жүктеп алу - https://pki.gov.kz/ncalayer/  және оны компьютерге орнату.

markirovka.kz таңбалау жүйесіне тіркелу

«Тауарлардың Ұлттық каталогы» бөлімінде «Тауар карточкасы» бөліміне өтіп, өнім туралы негізгі мәліметтерді енгізу қажет: моделі, шығарылған елі, аяқ киім түрі, материалының түрі, бренді, түсі және басқа да ақпарат.

Аяқ киімнің алдыңғы жағынан бір фотосуретті жүктеу

Егер өндіруші немесе импорттаушы осы өнім моделі туралы деректерді енгізген болса, ақпаратты қайта енгізудің қажеті жоқ. Айналымның әр қатысушысының жеке сандық тауарлар каталогы жасалады.

Сатылатын өнімдер туралы деректерді енгізу мүмкіндігі таңбалау жүйесінің өнімді нұсқасында қол жетімді.

Сондай-ақ, барлық процестерді, соның ішінде Data Matrix кодтарын алдын-ала дайындауға болатын сынақ ортасы бар. Осылайша тапсырыс берілген кодтар да сынақ кодтары болады. Тест-нұсқасы https://stage.ismet.kz/ сілтемесі бойынша қолжетімді.

Таңбалау жүйесіндегі жұмыс бойынша кез келген сұрақтар туындаған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 8 800 080 65 65 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін