ИИДМ: Таңбалауды енгізу аяқ киім құнына айтарлықтай әсер етпейді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
156
0 пікірлер

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда аяқ киімді цифрлық таңбалау басталды. Осы күнге дейін өндірілген немесе елге әкелінген таңбаланбаған аяқ киімді 2022 жылғы 1 сәуірге дейін сатуға болады, содан кейін сөрелерде тек цифрланған аяқ киім болуы керек.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұйымдастырған аяқ киімді таңбалау процесіне қатысатын Алматы нысандарына ұйымдастырылған баспасөз туры кезінде айтылды. Іс-шара барысында БАҚ өкілдері кеден қоймасында таңбалау және отандық аяқ киім өндірісі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.

Баспасөз туры барысында журналистердің сұрақтарына Министрліктің, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, цифрлық экономиканы дамыту орталығының (ҚР тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы), сондай-ақ DAMU logistics кеден қоймасының және қазақстандық аяқ киім өндірушісі - "Казлегпром-Алматы" компаниясының өкілдері жауап берді.

"Цифрлық таңбалау - бұл ЕАЭО елдері арасындағы Келісім шеңберінде іске асырылатын ауқымды жоба. Ол нарықты контрафактіден тазартуға және заңды айналым есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салықты арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда аяқ киімнің көлеңкелі нарығы 48,5% құрайды, бұл -  нарықтағы барлық тауар көлемінің жартысына жуығы. Шара қоғамдық бақылауды да күшейтуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің жеңіл өнеркәсіп басқармасының сарапшысы Фаррух Изатуллаев.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік әкімшілендіру басқармасының бас маманы Ульяна Нургалиева аяқ киімді импорттаушылардың таңбалауының негізгі ережелерін түсіндірді. 

"Тауар ел аумағына шетелдік өнім ретінде әкелінгенде импорттаушыға таңбалауды жүзеге асыру бойынша міндеттеме жүктеледі. Аяқ киім тауарларын таңбалау кедендік тазарту аяқталғанға дейін үшінші елдердің аумағында немесе ҚР аумағында жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін импорттаушыларға кеден органынан рұқсат алу қажет. Себебі кеден қоймалары кедендік бақылау аймағы болып табылады", - деп түсіндірді Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі.

Оның айтуынша, Алматы қаласында 29 кеден қоймасы бар. Оның 16-сы ашық түрдегі қойма. Әрбір импорттаушы тауарларды таңбалау үшін олардың кез келгенін таңдай алады.

Бүгінде аяқ киімді таңбалау жүзеге асырылып жатқан кеден қоймаларының арасында - Damu logistics кеден қоймасы бар.

"Аяқ киімді таңбалау үшін арнайы бөлме бөлінген. Барлық қажетті жабдықтар бар. Импорттаушы таңбалау кодын өз күшімен қолдана алады немесе біздің қызметтерімізді пайдалана алады. Қызметтердің құны тауарлардың көлеміне байланысты", - деп атап өтті кеден қоймасының директоры Зоя Замащикова.

Бірыңғай оператор жобасының жетекшісі Мухаммедхайдар Сеит аяқ киім өнімдеріне таңбалау кодтарын алу және қолдану механизмдерін түсіндірді. Оның деректері бойынша өндірушілер мен импорттаушылар үшін таңбалауға байланысты орташа шығындар бір жұп аяқ киім құнының 0,1% -2,5% құрайды.

Өз кезегінде, отандық аяқ киім өндірушісі – "Казлегпром-Алматы" компаниясы таңбалаудың негізгі әсерлерінің ретінде отандық аяқ киім өндірісін қолдау мен дамытуды атады.

"1 қарашадан бастап біз аяқ киімді сандық кодпен белгілей бастадық. Бүгінде 3 мың таңбалау кодын алдық. Процесс  өнімдеріміздің құнына айтарлықтай әсер етпейді. Қажетті шығындарды ескере отырып, бір жұп аяқ киімге шамамен 10 теңге қосылады", - деп хабарлады компанияның қаржы директоры Дана Қаражанова.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін