Қазақстандық нарықтар аяқ киімдерді жаппай таңбалауға дайын

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
119
0 пікірлер

Соңғы аптада Алматы базарларындағы кем дегенде 200 көтерме саудагер елге әкелінген тауар көлемін көрсету мақсатында жүйеге тіркелді.

«Біз бірнеше апта бойы ірі базарларды араладық. Сауда орындарының әкімшілігімен және иелерімен кездесулер барысында біздің сарапшылар таңбалау үрдісі және бизнесүшін ең аз болатын ықтимал шығындар туралы айтты. Бұл тұтынушылардың шығындарына әсер етпеуі керек. Ең бастысы, адамдар мұны не үшін және қалай жасау керектігін түсінеді. Біз бұл процестің операторлары ретінде барлық кәсіпкерлерге көмек көрсетуге дайынбыз», – деді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының менеджері Назгүл Тұрашева.

Айта кетерлігі, түрлі есептеулер бойынша, қазақстандық базарлар еліміздегі аяқ киімге деген жалпы сұраныстың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Бірыңғай оператор қызметкерлері бизнес субъектілеріне таңбалау мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету және Бірыңғай оператордың таңбалау жүйесінде жұмыс істеу үшін өңірлерге тұрақты түрде барып тұрады.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда аяқ киімнің көлеңкелі айналымы 48 пайызға жетеді. Өнімді таңбалау жүйесінің көмегімен алдағы жылдары бұл көрсеткішті кем дегенде екі есеге азайту жоспарлануда.

«Біздің міндетіміз – бизнесті мүмкіндігінше таңбалау үрдісіне тарту және оларды 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін қалдықтарды таңбалауға дайындау, одан кейін бизнесті тексеруге қойылған мораторий аяқталады», - дейді Цифрлық экономиканы дамыту орталығының жоба менеджері Назгүл Тұрашева.

Анықтама үшін: Цифрлық таңбалау – тауардың әрбір бірлігіне таңбалау кодын қолдану және оның әрі қарай қадағалануы қағидаты бойынша жұмыс істейтін тауар айналымын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі. Әрбір тіркелген тауар бірлігі туралы ақпарат деректер базасында сақталады және оны кез келген кезеңде – өндіру кезінде, елге әкелу кезінде, көтерме сауда орындарына тарату кезінде және тұтынушыға бөлшек саудада сату кезінде бақылауға болады.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін