Өндірушілер мен импорттаушылар аяқ киімді цифрлық таңбалауға қалай дайындалуы керек

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
187
0 пікірлер

Қазақстанда аяқ киім өндірумен немесе сатумен айналысатын кәсіпкерлер 2021 жылғы 1 қарашаға дейін аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалауға дайындалуы қажет.

Ол үшін өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сатушы заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкер ЭЦҚ-ны пайдаланып, таңбалау жүйесіне тіркелуі қажет. Бұл ретте электрондық поштасының мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетіліп, қалған барлық деректер ЭЦҚ-мен жасалады. Мына сілтеме бойынша тіркелу керек: https://elk.prod.markirovka.ismet.kz

Өндіруші және импорттаушыда GTIN (қаптаманың штрих-коды) бар болса, жүйеде жұмысты бастай алады. "Тауарлардың ұлттық каталогы" бөліміне кіріп, "Субаккаунт" бөліміндегі профиль өлшемдерінегі өндіруші туралы деректерді толтырады және тауарды "Тұтынушылық қаптама" бөлімінде тіркей алады. Ал егер GTIN болмаса, олар GS1 Kazakhstan қауымдастығына кіруі керек. Мұны жүйенің өзінде "GS1-мен өзара әрекеттесу" қосымшасында жасауға болады. Содан кейін өнім туралы мәліметтер Ұлттық каталогта толтырылады.

Қазірдің өзінде "Тапсырыстарды басқару станциясы" бөлімінде тауардың әр данасына таңбалау кодтарына тапсырыс беруге. Оларды PDF немесе CSV форматында түсіріп, кез келген принтерде басып шығаруға және қорапқа, аяқ киімге немесе тауар белгісіне қолдануға болады.

Өндірушілер аяқ киімді сатуға шығарғанға дейін өндірісте, импорттаушылар – дайындаушы зауытта немесе ҚР кеден қоймаларында таңбалайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда таңбаланбаған аяқ киім өндіруге және импорттауға тыйым салынады. Ондай аяқ киім қалдықтарын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін сатуға болады, содан кейін сөрелерде тек цифрландырылған аяқ киім болуы тиіс.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тауарларды таңбалау жөніндегі тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына: 8 800 080 65 65 нөмірімен  хабарласуға болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін