Қазақстанда сату үшін аяқ киім өнімдерін қайда және қалай таңбалау керек

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
267
0 пікірлер

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау басталғанын еске салады. Осы күннен бастап өндірушілер мен импорттаушылар елде өнімді сату үшін өнімге бірегей Data Matrix кодын қолдануы керек.

Айта кетейік, қазақстандық аяқ киім өндірушілері сатуға шығарылғанға дейін өндірістегі тауарларды таңбалауы тиіс. Аяқ киім тауарларын импорттаушылар өндіруші зауытта немесе үшінші елдер аумағындағы қоймаларда немесе кедендік рәсімдер аяқталғанға дейін ҚР Кедендік қоймаларында таңбалау кодын орнатады.

Ол үшін олар таңбалаудың markirovka.kz ақпараттық жүйесінде https://elk.prod.markirovka.ismet.kz/login-kep сілтеме бойынша жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып тіркелуі қажет. Бұл ретте тек электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетіледі, қалған барлық деректер ЭЦҚ-дан тартылады.

GTIN (қаптаманың штрих-коды) болған жағдайда, өндірушілер мен импорттаушылар жүйеде жұмысты бастай алады, «Тауарлардың ұлттық каталогы» бөліміне өтіп, «Субаккаунт» бөліміндегі профиль параметрлерінде өндіруші туралы деректерді толтырып, тауарды «Тұтынушылық қаптама» бөлімінде тіркей алады. GTIN болмаған жағдайда, таңбалау жүйесіндегі GS1 Kazakhstan қауымдастығына «GS1-мен өзара іс-қимыл» бөліміне кіріп, ұлттық каталогтағы тауар туралы мәліметтерді толтыру қажет.

Таңбалау кодтарына жүйедегі «Тапсырысты басқару станциясы» бөлімінде тапсырыс беріледі, PDF немесе CSV форматында жүктеліп, кез келген принтерде басып шығарылады, содан соң қорапқа, аяқ киімге немесе тауар затбелгісіне орнатылады.

Айта кетейік, 2021 жылғы 7 желтоқсанға дейін импорттаушылар ҚР-на импортталатын аяқ киімді кедендік рәсімдер аяқталғаннан кейін Қазақстандағы өз қоймаларында таңбалай алады.

Тауарларды цифрлық таңбалау мәселелері бойынша кеңес алу үшін тәулік бойы тегін қызмет ететін 8 800 080 65 65 жедел желіге хабарласуға болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін