Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы шетелдік аяқ киім өндірушілерімен ынтымақтастықты кеңейтуде

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
117
0 пікірлер

2023 жылғы 18-20 қазан аралығында Ташкентте «UzCharmExpo» XV Халықаралық былғары, аяқ киім және үлбір көрмесі өтеді – аталмыш көрме қатысушылар мен келушілердің халықаралық құрамы бар Орталық Азиядағы былғары, аяқ киім және үлбір өнеркәсібінің ең ірі мамандандырылған көрмесі болып табылады.

Көрменің мақсаты – Өзбекстан кәсіпорындарының экспортқа бағытталған өнімдерінің желісін көрсету, елдің экспорттық әлеуетін арттыру, шетелдік серіктестермен тұрақты және ұзақмерзімді ынтымақтастықты құру. Көрмеге Қытай, Түркия, Италия және осы салаларда беделді әлемдік көшбасшылардың қатарына кіретін басқа елдерден келген аяқ киім және былғары бизнесінің өкілдері қатысады.

Сондай-ақ, шараға Қазақстан Республикасының тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторы да қатысады. Оператордың көрмеге қатысу мақсаты – әлеуетті аяқ киім жеткізушілерін Қазақстандағы аяқ киім өнімдерін таңбалауға қойылатын ағымдағы талаптар туралы ақпараттандыру және шетелдік өндірушілермен ынтымақтастықты талқылау. Айта кететін жайт, Қазақстанға әкелінетін аяқ киімнің 10 пайыздан астамы өзбекстандық аяқ киімдері екен.

Естеріңізге сала кетейік, аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалау және қадағалау нарықтағы көлеңкелі айналымның жоғары үлесіне байланысты 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілген болатын. Ресми мәлімет бойынша, аяқ киім саудасындағы көлеңкелі экономика деңгейі 48 пайызды құрайды.
 

 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін