Аяқ киімнің міндетті таңбалануын енгізу мәселесі қоғамдық талқылауда қарастырылды

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
379
0 пікірлер

2021 жылы 11 мамырда Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Индустриялық даму комитеті аяқ киімнің міндетті таңбалануын енгізуге реттеуші әсерді талдау бойынша қоғамдық талқылау өткізді.

ҚР ИИМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары, Серік Оспанов, ерікті түрде пилоттық жобаға аяқ киім нарығының 21 қатысушысы, оның ішінде бес өндіруші, 16 импорттаушы, бір жданалап сатушы және бір маркетплейс қоғамдық пікірталастарда қатысқанын атап өтті.

"Пилоттық жоба шеңберінде аяқ киім тауарларын таңбалаудың барлық циклі өңделген болатын, оның ішінде тауарды өндіру, сонымен қатар импорттау және соңғы өнімді жеткізу барысында сатылған тауарларды айналымнан шығарып отыру. ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес 2021 жылғы 1 шілдеден бастап аяқ киім тауарларына қатысты міндетті таңбалауды енгізу жоспарлануда. 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін нарыққа қатысушылар 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін әкелінген аяқ киім тауарларының қалдықтарын таңбалаусыз сата алады, ал 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап таңбаланбаған аяқ киім тауарларын сатуға және олардың айналымға өткізуге тыйым салу күшіне енеді", - деді.

Оның айтуынша, бизнес-процестердің барлық «нәзік» тұстарын және аяқ киімнің таңбалану ерекшеліктерін анықтауға көмектесті. Әрбір бизнес-процесті орнықтыру нәтижелері бойынша: тіркеуден бастап, кедендік декларацияны тіркеуге дейін, нұсқаулар мен жол картасы бекітілді.

Аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалауын енгізудің белгіленген мерзімдері нормативтік құқықтық актілердің жобаларында негізделінді. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы»,«Аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы»; сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрінің «Аяқ киімнің бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалану ережелерін бекіту туралы».

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми деректері бойынша көлеңкелі нарық аяқ киімнің жалпы көлемінің шамамен 48% құрайды. Аяқ киім өнімдеріне сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының  кодтарын дұрыс орнатуда және соның салдарынан кедендік құнын дұрыс анықтауда үлкен қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша аяқ киімдер бес елдің - Ресей, Қазақстан, Беларуссия, Қырғызстан, Армения  аумағында электронды таңбалау міндетті деп анықталды. Осылайша, ЕАЭО-мен интеграциядағы және трансшекаралық саудадағы кедергілер жойылады. Мұндай интеграция үдерісі қазірдің өзінде жүріп жатыр, сондықтан кодтарды өзара мойындау арқылы Қазақстаннан тауарлар ЕАЭО-ның басқа елдеріне еш кедергісіз сатыла алады.

Бір цифрлық өлшем коды үшін тарифтің құны 2,68 теңгені құрайды.

«Бастапқыда интеграциялық жүйенің арқасында біз тауарларды олардың қозғалысының барлық кезеңдерінде бақылай аламыз. Біздің қоймамызға тауарлардың жаңа элементтерін қабылдау кезінде біз әрқашан бірегей кодты жабыстырамыз, оны сканерлеу тауардың айналымнан шыққанға дейінгі бүкіл қозғалысын, яғни сатып алушыға сатқанға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Осының арқасында тауар айналымының барлық процесі ашық және ыңғайлы болады. Data Matrix кодтарымен таңбалау бірдей, яғни тек бір компания шеңберінде емес, бүкіл елде болады. Біз Lamoda-да тауарларды таңбалау мен қадағалаудың қазақстандық жүйесінің кодтарын басқа елдердің жүйелерімен, атап айтқанда, Ресей Федерациясымен интеграциялауды немесе өзара тануды қолдаймыз», - деді Алина Круглова,  «Fashion Delivery» ЖШС жоба жетекшісі (Lamoda компаниялар тобынан пилоттық жобаға қатысты).

Кәсіпкерлер сонымен қатар елдер арасында, атап айтқанда, Ресей Федерациясымен цифрлық таңбалау кодтарын өзара екіжақты мойындау мүмкіндігін тезірек жүзеге асыруға ниет білдірді.

Олардың пікірінше, бұл импорт пен экспортты айтарлықтай жеңілдетеді. Шетелдік электрондық сауда алаңдары арқылы сатып алынған тауарларды таңбалау процесі де сұрақ туғызады. Бірақ, цифрлық экономиканы дамыту орталығында уәде еткендей, барлық процестер пысықталып, шешімінсіз қалмайды.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін