Шымкенттің кеден қоймалары аяқ киімді цифрлық таңбалаудың жаңа ережелері бойынша жұмыс істеуге дайын

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
298
0 пікірлер

    Цифрлық экономиканы дамыту орталығы тауарларды цифрлық таңбалау механизмдерін түсіндіруді жалғастыруда.    

    Жуырда ЦЭДО өкілдері Шымкент қаласындағы «Ерболат - Р.М.» ЖШС, «ОГЕМ» ЖШС, «Оңтүстік Логистик» ЖШС, «Continental Logistics Shymkent» ЖШС кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларына барды.

    Кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймаларының басшылығы аяқ киім саласының жаңа ережелері бойынша жұмыс істеуге, тауарға Data Matrix таңбалау кодтарын енгізу бойынша қызметтер көрсетуге, сондай-ақ тауарды таңбалау үшін арнайы аймақтарды бөлуге дайындығын атап өтті.

    Естеріңізге сала кетейік, міндетті цифрлық таңбалау енгізілгеннен кейін аяқ киім импорттаушылары өнімге өндіруші елдердегі өндірісте немесе ҚР кеден қоймасында Data Matrix кодын енгізуі тиіс.

    Тауарларды цифрлық таңбалау Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) аумағында жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба болып табылады. ҚР-да темекі өнімдерін міндетті таңбалау 2020 жылдың 1 қазанынан бастап енгізілді. Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектерді, алкогольді, сүт өнімдерін және жеңіл өнеркәсіп тауарларын цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылуда.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін