Қазақстанда аяқ киімді таңбалау басталғаннан бері 45 күн: импорттаушылардың 30%-ы таңбалау кодына тапсырыс берді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
208
0 пікірлер

Мұндай деректерді Қазақстандағы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы хабарлап отыр. Аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануы осы жылдың 1 қарашасында басталды және бір жарым ай ішінде 11 миллионнан астам Data Matrix кодтарына тапсырыс берілді. Елдегі аяқ киім нарығының ресми көлемі жылына 34 млн жұп екенін ескерсек, бұл ресми аяқ киім импортының жыл сайынғы көлемінің 30% - ы.

Бірыңғай оператордың деректері бойынша markirovka.kz таңбалаудың ақпараттық жүйесінде барлығы аяқ киім саласының 800-ге жуық қатысушысы тіркелген, тауарлардың Ұлттық каталогында аяқ киім бойынша 150 мыңнан астам карточка енгізілген.  

«Бүгінгі таңда сала қатысушылары жаңа талаптарды меңгеруге белсене кірісуде. Таңбалау жүйесінің жұмысы туралы барлық сұрақтар бойынша оларға байланыс орталығында кеңес беріледі. 2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан пилоттық жоба кезінде жүйенің функционалдығын зерттегендер де бар. Міндетті таңбалау енгізілген күннен бастап бір жарым ай ішінде импорттың 30%-ы деген көрсеткіш жоба тиімділігін айқындап отыр. Біз әрі қарай да әр кәсіпкерлермен тікелей жұмыс істеп, барлық кезеңдерде қолдау көрсететін боламыз. Осылайша, біз оларға жаңа жұмыс ережелеріне үйренуге көмектесеміз», - деді «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық экономиканы дамыту орталығының басқарушы директоры Нұржан Баекеев.

Цифрлық таңбалау жобасы қазіргі уақытта Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес оларда көрсетілетін тауарлар туралы мәліметтерді цифрландыруға мүмкіндік береді.

«Осылайша, тауардың қозғалысы ашық болады, әрбір өнім бірлігінің  цифрлық көшірмесі жасалады. Бизнес үшін олардың логистикалық процестерді оңтайландыруы, есеп реттеуі, сұраныс пен өндірісті жоспарлауы, мемлекет үшін– бұл нарықтағы контрафактінің төмендеуі, ал тұтынушы тауардың сапасын өз бетінше тексере алады», - деп толықтырды Нұржан Баекеев.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін таңбалау коды жоқ аяқ киім сатылуы мүмкін, осы күннен кейін таңбаланбаған қалдықтар сатылмауы керек. Қалдықтарды таңбалауды жеңілдету үшін Бірыңғай оператор тауардың жеңілдетілген картасын әзірледі, аяқ киім өнімдері қалдықтарының барлық иелері markirovka.kz ақпараттық жүйеде тіркелуі қажет. Егер жапсырмаларды басып шығаруға арналған жеке принтерлер болса, кодтарға тапсырыс немесе cem.ismet.kz сайты бойынша оператордан дайын жапсырмаларға тапсырыс беруге болады. Қалдықтарды таңбалауға қатысты барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 65 65 тәулік бойы цифрлық таңбалау бойынша байланыс орталығына жүгіну мүмкіндігі бар. 

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін