2,68 теңге: ҚР-да аяқ киімді таңбалау кодының құны ресми түрде бекітілді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
207
0 пікірлер

ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі қаулысымен аяқ киім тауарларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері белгіленген. Қосылған құн салығынсыз бірлік құны 2,68 теңгені құрады.

ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына сәйкес:

·       бақылау (сәйкестендіру) белгісі – қолдан жасаудан қорғау элементтері (құралдары) бар, сәйкестендіру құралын қамтитын және тауарларды таңбалауға арналған қатаң есептілік бланкісі (құжат) (қорғалған полиграфиялық өнім);

·       таңбаланған тауарлар-белгіленген талаптар сақтала отырып сәйкестендіру құралдары басылған және тауарларды таңбалау ақпараттық жүйесінің ұлттық құрамдасында олар туралы анық мәліметтер (оның ішінде оларға басылған сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдарын қамтитын материалдық жеткізгіштер туралы мәліметтер) қамтылған тауарлар;

·       тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы – Ұлттық тауарлар каталогын әзірлеуді, жүргізуді және өзекті етуді қоса алғанда, тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының ақпараттық жүйесін әзірлеуді, әкімшілендіруді, қолдап отыруды және пайдаланушылық қолдауды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де функцияларды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға.

Қаулы 2021 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін