Экспорттың жаңа ережелері: Ресейде суды міндетті цифрлық таңбалау басталды

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
196
0 пікірлер

1 желтоқсаннан бастап Ресей Федерациясына қапталған минералды суды экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді. Бұл осы өнімді міндетті цифрлық таңбалау басталғанына байланысты болып отыр.

Айта кетейік, қазақстандық минералды судың Ресейге экспорты 5,2% - ды құрайды. Енді жаңа ережелер бойынша отандық өндірушілер өз өнімдерін көрші елге жеткізу үшін тауарларды таңбалауы керек. Мұны істеу үшін олар ресейлік оператордан кодтарға тапсырыс беріп, оларды өнімдерге қолданады.

Қазақстанда бүгінде қапталған су мен алкогольсіз сусындарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жобаның қатысушылары TASSAY сауда маркасы бар "Юникс" ЖШС, TURAN және BURABAY сауда маркасы бар "Көкшетау минералды сулары" АҚ және басқалары болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, пилоттық жобаға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өтінім беру қажет - https://www.ismet.kz/ru/main/business/product/water. Пилоттық жоба кезінде кәсіпкерлер өнімге таңбалау кодтарын енгізудің әртүрлі тәсілдерін сынақтан өткізуге, сарапшылардың қолдауымен таңбалау жүйесінің функционалы мен техникалық мүмкіндіктерін тексеруге мүмкіндік алады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін