ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
250
0 пікірлер

Тұтынушыларды контрафактілі өнімнен қорғау және тауар айналымының қадағалануын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда 1 шілдеден бастап қапталған су мен құрамында қант бар сусындарды цифрлық таңбалау жөніндегі пилоттық жоба басталды. Өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар және бөлшек сауда дүкендері жобаға қатыса алады.

Сараптамалық деректер бойынша, Қазақстанда нарықта сатылатын су мен алкогольсіз сусындардың шамамен 20% - ы жалған деп танылады. Демек, олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Цифрлық таңбалау тұтынушыларға өнімге қолданылатын Data Matrix кодын сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқалығын өз бетінше тексеруге мүмкіндік береді. Осылайша, саналы тұтыну мәдениеті қалыптаспақ. Кодта өндіруші туралы ақпарат, сериялық нөмір бар, сондай-ақ, криптоқорғаныс арқасында деректерді қолдан жасау мүмкін емес. Кәсіпкерлер осы код арқылы тауардың түпкі тұтынушыға дейінгі жолын қадағалай алады. Бұл ретте барлық қозғалыс логистикасы тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

Кәсіпкерлер үшін жобаға қатысу - бұл білікті сарапшылармен бірлесіп, арнайы жабдықта цифрлық таңбалау механизмдерін тестілеудің, өзінің ішкі процестерін пысықтаудың, өнімге таңбалау кодтарын қолданудың оңтайлы жылдамдығын айқындаудың тиімді мүмкіндігі.

Стратегиялық бастамалар орталығының деректері бойынша, қапталған су мен құрамында қант бар сусындардың нарықтағы импорты 17% - ды құрайды, демек отандық өндірістің үлесі басым. Елдер бойынша алкогольсіз сусындардың 74% - ы Ресейден, 11% - ы Грузиядан, 8% - ы Қырғызстаннан және 7% - ы басқа елдерден келеді.

Айта кетейік, Өзбекстанда 15 маусымнан бастап су мен салқындатылған сусындарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Ресейде «пилот» аяқталды, ол елде судың 80% - дық контрафактісі анықталғаннан кейін басталған.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін