Суды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба іске асуда

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
197
0 пікірлер

2021 жылғы 1 шілдеде Қазақстанда қапталған су мен алкогольсіз сусындарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды. Естеріңізге сала кетейік, жобаға өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар және бөлшек сауда дүкендері қатыса алады.

Бүгінгі таңда пилоттық жоба қатысушылары «Tassay» және «Көкшетау минералды сулары» компаниялары болып отыр.

Пилоттық жоба аясында ҚР-да тауарларды таңдау мен қадағалаудың біріңғай операторы Көкшетау және Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарға тексеру жүргізіп, сондай-ақ жобаға қатысушылармен су мен алкогольді сусындармен цифрлық таңдау мүмкіндіктерін талқылады.

Айта кетейік, цифрлық таңбалау өндірушілерге өз өнімдерінің логистикасын соңғы тұтынушыға дейін қадағалауға, сол арқылы өндіріс көлемі мен сұранысты жоспарлауға мүмкіндік береді. Ал тұтынушылар Naqty Onim қосымшасы арқылы Data Matrix кодын сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқалығын тексере алады.

Пилоттық жоба барысында өнімге таңбалау кодтарын салудың әртүрлі тәсілдері, таңбалау жүйесінің функционалы мен техникалық мүмкіндіктері сынақтан өткізіледі.

Жобаның қатысушысы болу үшін сілтеме бойынша өтінім беру қажет - https://www.ismet.kz/ru/main/business/product/water.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін