Өзбекстанда 1 маусымнан бастап дәрілік заттарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба басталады

ismet-ке шолу
Новость
0 пікірлер
448
0 пікірлер

Осыған республика Министрлер кабинетінің «Міндетті цифрлық таңбалауға жататын өнімдер тізбесін кеңейту және пилоттық жобаларды іске асыру шаралары туралы» қаулысы негіз болды. 

Құжатта Өзбекстан аумағында дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау тәртібі жазылған.

Осылайша, 1 маусымнан бастап фармкомпаниялар таңбалауды ерікті түрде сынап, ал 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап олар елге әкелу кезінде және Өзбекстан аумағында өндіру кезінде дәрілік заттарды DataMatrix кодымен таңбалауға міндетті болады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап дәрілік заттарды цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жоба аясында 87 мыңнан астам дәрілер DataMatrix кодымен таңбаланған. Пилоттық жоба осы жылдың 30 маусымында аяқталады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін