ҚР-да тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы «Ақ жол» партиясының отырысында тауарларды цифрлық таңбалауға қатысты көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме береді

ismet-ке шолу
Мақала
0 пікірлер
202
0 пікірлер

ҚР-да тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының отырысында тауарларды цифрлық таңбалауға қатысты көтерілген негізгі мәселелерді зерделеп, мынадай түсіндірмелер береді.

Кездесуге қатысушылармен қозғалған сұрақтар арасында таңбаланған тауарды өз ЭЦҚ-мен сату кезінде әрбір операцияны тұрақты растау қажеттілігі туралы айтылды. Алайда, кәсіпкерлерге ЭЦҚ тек таңбалау жүйесінде тіркелу үшін және жүйеде қабылдау/тапсыру актілерін растау үшін қажет екенін түсіндіреміз. Data Matrix коды бар тауарларды сату кезінде 2D-сканер және онлайн-БКМ қажет. Балама жолы да бар: сату үшін бірыңғай оператормен әзірленген Naqty Sauda Kassa мобильді қосымшасын тегін пайдалануға болады, оның ішінде онлайн касса, таңбалау кодтарын оқу және ФДО жүйесіне қосылу функциясы бар. Нарықта қазақстандық әзірлеушілерден (Smart Online KKM, Webkassa, Light kassa, Re-kassa және т.б.) белсенді пайдаланылатын мобильді қосымшасы арқылы басқа да онлайн-БКМ бар екенін айта кету керек.

БКМ қайта бағдарламалау қажеттілігі туралы. Кассалық машиналарды қайта баңдарламалау техникалық қызмет көрсету орталықтарында, бұдан әрі техникалық қызмет көрсету, бағдарламалық қамтамасыз етуді қайта бағдарламалар, тауарлар номенклатурасын жаңарту орындалатын ТҚО-да жүргізіледі. Жалпы алғанда, кассаларды үнемі бағдарламалау қажет емес, бұл тек 2D-сканерді бастапқы қосқан кезде немесе БКМ ақаулы болған жағдайда жасалады. ФДО операторлары қазір БКМ өндірушінің келісімімен оператордың сайтындағы бұлтты сервис арқылы БКМ қайта байдарламалау мүмкіндігін пысықтауда.

 Отырыста күнбе-күн тауарды қабылдау/беру актісін жасау қажеттілігіне алаңдаушылық білдірілді. Осы мәселе бойынша бірыңғай оператор бұрын уәкілетті мемлекеттік органға актілерді жасау және растау мерзімін ұлғайту, сондай-ақ салық төлеушінің қабылдау/беру актісін акцептсіз қабылдау мүмкіндігі бойынша ұсыныстар дайындады. Таңбаланған тауарды қабылдау/беру актілерімен жұмыс істеу үшін оператор Naqty Sauda Akt мобильді қосымшасын әзірлегеніне назар аударамыз.

Жалпы, кәсіпкерлер үшін таңбаланған тауарлармен жұмыс істеуге арналған бірнеше құралдар бар: айналымнан таңбалау кодтарын шығару үшін – БКМ және 2D-сканер немесе Naqty Sauda Kassa, қабылдау/беру актілерімен жұмыс істеу үшін – таңбалау жүйесінің веб-интерфейсі немесе Naqty Sauda.Akt.

Қатысушылардың кеден арқылы өтуі және заңсыз таңбалануы мүмкін тауарлардың контрабандасы бойынша алаңдаушылығына қатысты. Таңбалау ережелері бойынша импорттаушылар тауарды кедендік тазарту рәсімдеріне дейін таңбалауға міндетті. Бұл таңбаланбаған тауарлар кеден арқылы өтпейді дегенді білдіреді. Таңбаланған тауар айналымын бақылауды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, ҚР-да 2020 жылғы 1 қазанда енгізілген темекі өнімдерін міндетті таңбалау мәселелері көтерілді. Таңбалаудың әсерінсіз темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 260 қаулысы бойынша жыл сайын өсіп келеді. Онда ағымдағы жылы темекінің бағасы қандай болатындығы көрсетілген. Мысалы, 2021 жылы фильтрлі, фильтрсіз сигареттердің және папиростардың ең төменгі бөлшек сауда бағасы бір қорап үшін 520 теңге мөлшерінде белгіленген. Осылайша, жыл сайын бағасы өседі. Сондай-ақ, темекі өнімдерінің құнына темекі акцизінің ставкалары әсер етеді.

ҚР-да темекі өнімдерін міндетті таңбалау бір жыл бұрын басталғанын ескере отырып, әсерлерді бағалау ерте. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, темекі өнімдерін таңбалау енгізілгеннен кейін салықтардың жиналуы 40% - ға өсті. Қазақстанда қазір 1 млрд астам қорап темекінің Data Matrix коды бар.

Сонымен қатар, 1 қарашада басталатын аяқ киімді цифрлық таңбалау мәселесі бойынша тауардың карточкасын толтыру кезінде таңбалау жүйесіндегі тауарлардың Ұлттық каталогында алдыңғы жағынан аяқ киімнің бір ғана фотосуретін бекіту қажет екенін хабарлаймыз. Бұл талап ЕЭК-тің № 72 шешімімен регламенттелген және ЕАЭО елдерімен кодтарды өзара тануды іске асыру шеңберінде міндетті болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, цифрлық таңбалау-бұл ЕАЭО елдері деңгейінде жүзеге асырылатын ұлтаралық жоба. Таңбалау контрафактілік мүмкіндікті болдырмай, тауарды өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін барлық жолын қадағалауға бірегей мүмкіндік береді. Тұтынушы Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен таңбалау кодын сканерлеу арқылы өнімнің заңдылығын тексере алады. Қазақстандықтар жалған тауарлардан өздерін қорғап, ал кәсіпкерлер нарықта импортпен тең дәрежеде сенімді бәсекелесіп, алға дами алады. Цифрлық таңбалаудың барлық мәселелері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 8 800 080 65 65 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Осы жаңалықпен бөлісіңіз:
Пікірлер
Авторланыңыз, Пікір қалдыру үшін